Новости на Newstaraz.

Ақтөбе облысында аяғы ауыр келіншек бес баласымен клуб күзетіп жүр (фото)

newstaraz.kz

Ақтөбе облысының Темір ауданы Саркөл ауылында өлместің күнін кешіп жатқан шиеттей отбасы бір тілім нанға зәру деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Мұрат Ізімбетов пен Айдана Сапарғалиеваның бес баласы тамақ ішу үшін атасы мен әжесінің үйіне барады. Үйде қайнатып, пісіріп беретін тамақ жоқ. Бес баласы жан-жақтан шырылдап жылағанда жүкті келіншек жанын қоярға жер таба алмайтынын айтады.

«19 жасымда тұрмысқа шықтым. Қазір жасым 25-те. Әлі де тұрмыстың тауқыметін көріп келемін. Балаларыма жейтін тамақ тауып бере алмай отырмын. Басымызда баспана да жоқ. Азын-аулақ тапқан тиынымды пәтерақы қылып төлеп отырмын. Құлайын деп тұрған үйге 15 мың теңге беремін. Екі балам мектепке барады, оларға киім алатын ақшам да жоқ. Балаларым тамақ сұрап жылаған кезде алдап ұйықтата беремін»,- дейді бес баланың анасы Айдана Сапарғалиева.

Отбасы аудан әкімінен бірнеше рет көмек сұрап барған. Әкім алғашында үй алып беремін деп уәдесін үйіп-төгеді. Кейін «тас пен цементті алып беремін. Үйді өздерің салып алыңдар» деп жұбатқан. Араға жыл салып отбасы тағы барғанда әке-шешеңнің сарайына барып тұрыңдар деп шығарып салған.

«Қызымның жағдайын айтып, ауылға келген әкімнің бәріне бардым. 5 баласы бар, тағы аяғы ауыр. Басында баспана түгілі жейтін тамағы жоқ. Балалары біздің үйге келіп тамақ ішіп кетеді. Жолдасы жұмыс істемейді. Қалаға, ауданға әр жерде жұмысқа барады. Ақшасын біреуі береді, біреуі алдап кетеді. Бес баласы шұбырып жүр. Әкім несиеге мал алып, айдалаға барып киіз үйге тұрыңдар деп отыр. Олар малды қалай алады? Басында баспанасы жоқ адам өзін салмаса несін салады. Әкімнен бірдеңе сұрасаң, несие алып, мал бағыңдар деп ауызымызды жабады», — дейді Айдананың шешесі Маржан.

Похожие статьи

Айдананың өзі ауыл клубында күзетші болып істейді. Өзі бір тәулікке жұмысқа барғанда қасына балаларын ертіп жүреді. Балалары шешелерімен бірге мәдениет үйінде түнеп, клуб күзетеді. Ауданға жұмыс істеуге кеткен жолдасы жалақы алмаған соң, отбасына орала алмай жүр.

Күнін көре алмай отырған отбасы пәтер ақысын төлеу үшін алған жүз мың теңгедей несиесін де төлей алмай отыр. Есепшотына түскен ақшаның жартысын банк алып қалады.

Ауыл әкімі отбасының бұл жағдайына басы ауырмайтын болып шықты.

«Менің біреуге берер дайын үйім жоқ. Ол екі рет күйеуге шыққан қыз. Үш баласымен біреуге күйеуге шығып, тағы туып отыр. Кеше ғана тұрып жатқан үйін 800 мың теңгеге сатып алдым деп айтты», — дейді Саркөл ауылының әкімі Құсайын Шәлкенов.

Көмектесемін деушілер келесі нөмірге хабарласа алады: 8 775 924 95 91

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »