Новости на Newstaraz.

Ақтөбе тұрғыны Астанаға велосипедпен баратын болды

newstaraz.kz
Фото: aktobegazeti.kz

Ақтөбе тұрғыны Ертарғын Мұқанбетқали велосипедпен Астанаға жол тартпақ деп хабарлайды aktobegazeti.kz.

Бұған дейін ол Маңғыстау облысындағы киелі орындар —  Шопан ата қорымы мен Бекет ата кесенесіне велосипедпен барыпты. Өзінің айтуынша, мың жарым шақырым қашықтықтағы жерге велосипедпен он күнде жеткен. Бұл туралы жергілікті Ақтөбе басылымы жазды.

Похожие статьи

«Күніне 150 шақырымдай жүріп отырдым. Әуелі Шопан ата қорымына түнедім. Бекет ата кесенесіне жақындағанда тас соқпақ жолда велосипедпен жүру өте қиынға соқты. Содан велосипедіме мінбей, алып жүрдім. Киелі орындарға тағзым етіп, Құран бағыштадым. Өтірік болмасын, қайтар жолда велосипедпен тек 200 километрдей жер жүрдім. Әрі велосипедімнің доңғалағы да әлсіреді. Сосын көлікпен қайттым. Бұл — ұзақ жолға алғаш шығуым. Өзім — Ойылдың жігітімін. Дүзмағанбет Сәрсенбаев бастаған ойылдық құрдастарым менің бастамамды қолдап, көмектесті. Ендігі мақсатым — Астанаға велосипедпен барып, Елорданы көріп қайту», — дейді Ертарғын Мұқанбетқали.

Өзінің айтуынша, ол бір жылдары қатты сырқаттанып қалыпты. Содан бері велосипедті көлік үшін ғана емес, денсаулығын жақсарту үшін тебуді әдетке айналдырған. Қай кезден де салауатты өмір салтын ұстанады, көбірек жаяу жүргенді, жүгіргенді ұнатады.

«Қазір жүгірсем, 15-20 шақырымға шаршамай жүгіремін», — деп қояды. Негізі шахмат ойнауды, велосипед тебуді бала кезде үйренген екен.

«Егер арнайы қызметкерлер қасыма еріп жүретін болса, құба-құп. Болмаса, алдағы аптада велосипедпен жолға шығып кеткім келіп отыр», — дейді велосипедші.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »