Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде ауқатты адамның қызы белгілі шенеунікті тақырға отырғызды (фото)

newstaraz.kz

Ботагөз Биекенова. Фото: nur.kz

Ақтөбеде ауқатты кәсіпкердің қызы бірнеше адамды сан соқтырған алаяқ болып шықты. Арнайы күзетпен әкелінген 39 жастағы келіншек сотқа брендті киім мен биік өкшелі аяқ киім киіп келді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
pogudx6s2gfpt4rqb.d5fdc0ae

Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Ботакөз Биекенованың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті.

Жәбірленуші тарапта 5 адам бар. Ботакөз Биекенова 2014 жылдан бастап 2016 жылдың ақпан айына дейін сенімге кіру арқылы ірі көлемде ақша алып, алаяқтық жасап отырғаy. Бірігіп бизнес жасап, ортақ кәсіп ашамыз деп зәбірленуші Қалиевтен 2 млн 105 мың теңге алған. Екінші арызданушыдан туысқанын «Қазақойл» мұнай компаниясына жұмысқа кіргізіп беремін деген уәдемен 368 520 теңге алады.

Келесі жәбірленушіден Астана қаласынан үй алуға көмектесу үшін 3 670 400 теңге алған. Тағы бірінен әкесіне шетелден ем жасатамын деп 3 729 250 теңге алады.

Білдей басқармада отырған ақтөбелік шенеунік те алданғандардың қатарында. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағанбетов бір қызын Назарбаев зияткерлік мектебіне, екінші қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 7 183 000 мың теңге берген.

Похожие статьи

Қыздарын оқыту үшін ірі көлемде сыйлық жасаған шенеунік жұмыстан қуылған болатын. Қазіргі кезде судья Адилова айыпталушы Ботагөз Биекенованың әкесінің сотқа қатысуға құқығы бар не жоғына байланысты сұрақты қарап жатыр.

Жәбірленуші тарап жауапкер ретінде танылған әкесінің қорғаушы болғанына қарсы. Алаяқ ретінде қылмыстық іске тартылған Ботакөз Биекенованың әкесі өзін Ақтөбедегі ауқатты адамдардың бірі екенін айтып, қызын қорғау үшін барын салатынын жеткізді.

«Ботагөз жалғыз қызым. Құдайға шүкір, мен ауқатты адаммын. Бірнеше жерде басшылық қызметте жасадым. Жалғыз қызым мен жалғыз немеремнен аяр ештеңем жоқ», — дейді әкесі Емберген Биекенов.

Тергеу абақтысынан арнайы күзетпен әкелінген айыпталушы жоғары талғаммен киініп келген. Сондай-ақ, ол 16 жастағы баласын үш жылдан бері өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екенін айтты.

«Азери медикум ЖШС нің директоры болған Ботакөз Биекеновамен жақын қарым-қатынаста болғанын айтқан жас жігіт те жәбірленушілердің қатарында.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »