Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің денесін шымшып, көгертіп қойған

newstaraz.kz

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің денесін шымшып, көгертіп қойған. Уақытша жұмыстан босаған күдікті тәрбиеші полиция қызметкерлеріне түсініктеме беріп жатыр деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Похожие статьи

Ақерке Жұламанова 5 жасар баласының оң жақ бүйірінің көгергенін 4 –наурыз күні көрген. Баласынан сұрағанда апайының шымшып алғанын айтады.

«Ұлым Батырхан «Фариза апай шымшып алды» дегенде шошып кеттім. Неге балама қол жұмсауларына жол беруім керек, арыздандым», — дейді Ақерке Жұламанова.

Ақтөбелік тұрғын баласының «Сымбат» жеке мектебіне қарасты «Әсем» балабақшасына баратынын айтады. Балабақша жеке болғанымен, денесі көгерген бүлдіршін бюджеттік топта тәрбиеленген. Бірақ анасы тәрбиеші жазасыз қала ма деп алаңдайды. Айтуынша, балабақша меңгеруші ашуынан қайтару үшін барын салып жатқанға ұқсайды.

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің денесін шымшып, көгертіп қойған

«Ондай адам балалармен жұмыс істемеу керек, оның жұмыстан босатылуын талап етемін. Құқық қорғау қызметкерлеріне де арыз жаздым. Жағдай жабулы қазан күйінде қалмас үшін БАҚ-тың көмегіне жүгініп отырмын»,- дейді Жұламанова.

Балабақша меңгерушісі ата-ана шағым түсірген тәрбиешінің уақытша жұмыстан босатылғанын айтады.

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің денесін шымшып, көгертіп қойған

«Ол кісі шағымын қалалық білім бөліміне тастаған. Білім бөлімінен 9 наурыз күні хабар келді. Жұламанова арызын полиция бөліміне де жазған. Тергеу жұмыстарының жүруіне байланысты тәрбиеші уақытша жұмыстан босатылды. Енді қалған жұмысты полиция тәрбиешімен жасайтын болады. Тәрбиешінің өзі ұрған жоқпын дейді, яғни ұрмаған», — дейді Әсем балабақшасының меңгерушісі Ботагөз Жақсылық.

Тергеу жұмыстары жүріп жатыр дегеніне қарамастан, балабақша меңгерушісі тәрбиешісіне шаң жуытпай отыр.


newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »