Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

newstaraz.kz
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде дін жолындағылар босану орнына әйелімен бірге кіріп, балаларына дәрігерлерді жолатпай жатыр деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық ауруханасының дәрігерлері дін жолындағы келіншектерді босандыратын кезде қиындықтарға тап болатынын жасырған жоқ. Жас әйелдеріне ер адамның қолын тигізбейтін күйеулері балалары ауруханадан шыққанша «екпе ектірмейміз» деп қасында күзететін болып шықты.

«Дін жолында жүрген әйелдер ер дәрігердің тексергенін қаламайды, палаталарына ер адамдарды жолатпайды. Біз барынша олардың қалауын орындауға тырысамыз. Бригадада бір әйел міндетті түрде болады. Соған қаратамыз. Бірақ кейде олардың тарапынан талап шектен тыс күшейіп кетеді. Ауруханаға жас әйелдерімен бірге кіреді. Әйеліне ешкімді жақындатпайды, қиналып жатқан әйелін ектірмейді де!  Өзі шықсын деп баланың жолдасын да алдырмайды. Босанудан кейінгі бөлмеге ауыстырған кезде де қасына барып жатады. УЗИ жасатпайды, балаға ешкімді жолатпайды. Екпе дегенді мүлде алмайды. Әйел босанған кезде қан кетіп қалмас үшін баланың жолдасының шығуына көмектесуіміз керек. Ал олар «өзі шықсын» деп  бізді жақындатпайды. Бізге әйел адамның өмірі маңызды, сол үшін алаңдаймыз. Көп жағдайда олармен қиындықтарға тап боламыз. Түсіністікпен қарайтындары да бар. Олармен салғыласып тұратын уақытымыз жоқ. Дәрігер көмегіне қарсылық танытатындардың арасында жастар көп», — дейді акушер-гинеколог Анар Әмірқұлова.

Похожие статьи

Аурухананың босану блогында кәмелеттік жасқа толмай ана атанатын жас қыздар да жиі келеді екен.

«16-17 жастан бастап келетін жас аналар бар. Олардың тағдыры әртүрлі… Ерте отбасын құрғандар, ересек өмірді ерте бастап, жүкті болып қалғандар бар. Ислам дінін қабылдап 15-16 жастан тұрмысқа шыққандар өте көп. Күйеуі жоқ, тұрмысқа шықпаған қыздардың ата-анасымен байланыс жасаймыз.

Дін жолында жүргендер жүктілік кезінде түрлі аурулар анықталса да баланы алдырмайды. Жолдастары жүктілікті үзуге рұқсат бермейді екен. Мүгедек балаларды да туа береді», — дейді дәрігер.

 

[pt_view id=»2216c5d386″]

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »