Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде кепілге алынған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

newstaraz.kz

Ақтөбедегі оқыс жағдай. Фото: NUR.KZ

Ақтөбелік тәртіп сақшылары атып өлтірген жігіттің қызды кепілде қалай ұстағаны белгілі болды. 24 жастағы Абылай Тілеуовті біреулердің райынан қайтармақ болған сәті видеоға түсіп қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал бес сағат бойы күдікті қамап ұстаған тіс емханасының қызметкері өзінің аман қалғанына тәубе деп отыр. Марқұмның пышақпен қорқытқаны болмаса, қолының ұшын тигізбеді дейді ол.

Ақтөбедегі тіс емханасының қызметкерін қапсыра құшақтап алған Абылай Тілеуов, ажысарып кеткен келіншегін осында жеткізуді талап еткен. Дегені болмаса кепілдегі қызды пашықтап өлтірем деп қорқытқан.

Ақыры айтқанға көнбеген күдіктіні тәртіп сақшылары атып өлтірді. Ал түн жарымына дейін қамауда болған Әсем есімді мына қыз ол күнді еске алғысы келмейді. Қазір аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр.

«Құдай сақтады. Аман-сау шүкірмін. Ол мені қинады деп күнәға батқым келмейді. Ол маған тиіскен де жоқ» , — дейді ол.

Похожие статьи

Ал Абылай Тілеуов ата-анасынан еншісін алып, бірнеше жылдан бері осы үйде тұрған екен. Екі ұлдың әкесі саудамен айналысыпты. Көршілері оның келіншегі Шолпанмен ұрысқанын көрмедік деп отыр.

Тек наурыздың басында қайынжұрты келіп, әйелін төркініне алып кеткен. Сол уақыттан бері Абылай да үйіне жоламай қойыпты. Оның қолына пышақ алып, қылмысқа барғанына көршілері сене алар емес.

«Пышақ ұстайтын бала емес. Жаман жағын көрмедім. Сәлемі түзу. Екі баласын ойнатып далада жүреді. Әйеліне көмектеседі. Кірді екеуі бірге жуатын еді. Бұлай боларын кім білген?», — дейді Тілеуовтің көршісі Гауһар Есмағанбетова.

Абылай Тілеуовті туыстары ертең жер қойнына тапсырады. Қылмыс үстінде қаза тапса да мұсылмандық ғұрыпқа сай оны ешкімнің қаралағысы жоқ. Кепілде болған қыз бен марқұмның қайын жұрты да бұл жігітті кешірген. Ал жақындары тәртіп сақшыларының келіссөзді жөнді жүргізбегенін айтады.

Әпкесінің айтуынша, көндіреміз деген туыстарын полицейлер жолатпай қойған. Райынан қайтар сыңай танытқан Абылайды сәл күткенде өлтірмей-ақ ұстауға болар еді деп ашынып отыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »