Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде он жастағы қыз тозығы жеткен үйде үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отыр (фото)

newstaraz.kz

Жанат Құлжұмырова сіңілдерімен. Фото: baq.kz

Ақтөбеге Өзбекстаннан қоныс аударған Күлжұмыровтар отбасында төрт бала бар. Ақерке, Әсемгүл, Айсұлу, Жанат есімді қыздардың алды онда, кішісі төрт жаста. Қазір олар ішерге тамақ, киерге киім таба алмай жүр деп хабарлайды Baq.kz.

Әкесі Махмуд Күлжұмыров жалдамалы жұмыс істейді, ал анасы Саодат Күлжұмырова денсаулығы нашарлап, құжаттары реттелмей, Өзбекстанға қайта оралған. Қаңтар айында шекара асып кеткен ана әлі күнге дейін оралмады. Ал кір жуу, тамақ істеп, үй жинау, балаларға күтім жасау секілді үй шаруашылығының бәрі он жастағы Жанат Күлжұмырованың жауапкершілігіне артылды. Бастауыш сынып оқушысы сабақты жақсы оқиды, бәріне үлгереді.

Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде аядай бөлмені 15 мың теңгеге жалға алып отырған отбасының жағдайы мүшкіл. Балалар ана күтіміне зәру, жуындырып, киіндіріп, сабағын оқытатын адам жоқ. Отағасының негізгі мамандығы есепші болғанымен, өмір бойы құрылыста жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта таң ата үйінен шығып, кеш бата келіп жүр. Бұл уақытта үй шаруашылығының бәрі он жастағы Жанат Күлжұмырованың міндетіне жүктелген. Ол бала болғанымен ерте есейген, үйіне келген қонақты жарқын жүзбен қарсы алады.

Күлжұмыровтар отбасы тұратын үй. Фото: baq.kz

«Қазір бәріміз ауырып жүрміз, салқын тиіп қалған. Ешкім жоқ болған кезде сіңлілеріме дәріні өзім беремін. Сенбі күні көзім ауырып, сабаққа бармай қалдым. Сіңлім Айсұлу да сабаққа бармады, қызуы көтерілді», — деді Жанат Құлжұмырова.

Үйдің үлкені Жанат №22 орта мектепте, Айсұлу №8 орта мектепте оқиды. Махмуд Күлжұмыров күтім жасауға мүмкіндігі болмай, балалардың жанына таяуда Қарақалпақстаннан әжесі келді. Зейнеткер келінінің хәлін мәлім етті.

Тілләхан Ырзабаева. Фото: baq.kz

Похожие статьи

«Келінім киім-кешек алып, сатты. Ақтөбе базарда сауда жасап, банкрот болған. Қазір әлі де 200 мың теңге бережағы бар. Құжаттары дұрыс болмай шекара асып кетті, енді қаржы тапшылығынан кері орала алмай отыр әрі ара-тұра есінен танып қалады, ауырады. Анасының болмағаны балаларға зиян. Биыл біреуі далаға шығып кетіп, жоқ боп кеткен. Көрші-көлем іздеп, көп ұзамай табылды. Үлкені мектепке кеткенде, балалар қараусыз қалады. Сосын мен қарауға, күтім жасауға келдім», — дейді Тілләхан Ырзабаева.

Қарақалпақстаннан уақытша баласының үйіне қоныстанған Т. Ырзабаеваның айтуынша, балалардың біреуі ғана Қазақстанда дүние келген. Көшіп келгендеріне 5 жыл болған оралмандар отбасы қазіргі күні көрші елдің төлқұжатымен жүр. Отағасы Махмуд Күлжұмыров қана оралман куәлігін алып, жеке куәлігін күтіп жүр.

Күлжұмыровтар отбасы тұратын үй. Фото: baq.kz

«Жеке куәлік алу үшін Алматыдағы елшілікке бару керек екен. Оған да қаржы тапшы. Қазіргі уақытта аумағы 20 шаршы метрге жетпейтін аядай бөлмеде жан бағып отырмыз. Ішер тамағымыз жоқ. Балалар көптен ет те жемеді. Балам Махмуд айлық алып еді, жыл бойы төленбеген пәтерақысына берді. Тамаққа деп 5 мың теңге қалдырып еді, ол екі күнде бітті. Ал балаларға жылы киім керек. Олар қазір таныстарымыздан алған күртені киіп жүр. Кішкентайларының аяқ киімі тозған, далаға шыға алмайды», — дейді ол.

Құжат. Фото: baq.kz

Күлжұмыровтар отбасының мәселесі қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды. Комиссия шешімі бойынша отбасының 6 жастағы қызы Әсемгүл мен төрт жасар Ақерке 5 күндік балабақшаға берілетін болады. Бұған дейін екі түрлі мектепте білім алып жүрген Айсұлу мен Жанат енді №8 орта мектепте оқитын болды. Екі оқушы да алғыр, үздік оқиды.

Ал отағасы Махмұд Күлжұмыровқа тұрақты жұмыс тауып беруге тапсырма берілді. Сонымен қатар, көші-қон полициясы арқылы төлқұжат беру жұмыстары жеделдетілу міндеттелді. Қазіргі уақытта оралмандар отбасы арнайы берілетін квотаға да іліге алмай отыр. Қиын жағдайды бастан өткеріп отырған отбасы ақтөбеліктерден көмек күтеді, қайырымды жандарға үміт артады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »