Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде полиция NUR.KZ-тегі мақаладан соң екі қызды сабаған жігіттерді қамауға алды

newstaraz.kz
Зардап шегуші. Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде үй жинап, ақша тауып жүрген қыздарды салмағы 150 келі тартатын жігіттердің бастарын асфальтқа ұрып сабағаны туралы NUR.KZ порталы хабарлаған болатын. Оқиғаға байланысты оқырмандар пікірі екіге бөлінді.

Бірі «обалы жоқ, жеңілжүрісті қыздар болуы мүмкін» десе, келесі пікір зардап шегуші шағымына немқұрайлы қарап, жағдайды ушықтырған полиция қызметкерлерін кінәлады.

Соққыға жығылған қыздар NUR.KZ оқырмандарынан өздерін кінәламауды өтінді.

«Мен мақала астындағы пікірлерді оқып, ауырып қалдым. Бізді «жеңілжүрісті» деп жазғырмауларыңызды сұраймын. Үй жинап, өз еңбегіміздің ақысын алып, жұмыс істедік. Басқа қызмет ұсынған емеспіз. Әйтпесе, олардың берген ақшасын айтып, БАҚ бетінен көмек сұрамаған болар едік. Бізге полиция қызметкерлері немқұрайлылық танытқан соң қоғам пікірі маңызды болды», — дейді зардап шегуші.

Екі қызды сабаған өзбек жігіттерін полиция қызметкерлері NUR.KZ порталында жарияланған мақаладан  соң ғана қамауға алған.

Похожие статьи

«Маған тергеушілер ол адамдардың қамауға алынғанын айтты. Қазір жағдайым жаман емес, басымды көтердім. Бүгін ауруханадан шығарады. Бірақ, дұрыстап ем алмасам, соқыр болып қалуым да мүмкін. Себебі, ауруханаға түскен бірінші, екінші күндері көзім көрмей қалды. Қазір көзім «-1» болып тұр. Дәрігерлер емдемесем, оның көтерілетінін айтады. Сол жақ көзімнен әлсіздікті байқаймын. Мен ауруханадан шыққаннан кейін учаскемдегі невролог дәрігерге тіркелемін», — дейді зардап шегуші.

Зардап шегуші. Фото: NUR.KZ

Өзбек жігіттерімен бірнеше жылдан бері жұмыс жасайтын Гүлшат бұл қорлыққа шыдаудың мүмкін емес екендігін айтады.

«Мен таңғы сағат 8:00 уақытымен кешкі 20:00 аралығында массажға барамын. Екі балам бар, мамам ауырады. Өздігімнен жұмыс істеп, отбасымды асырап отырмын. Бізді ұрған кісілерді бірнеше жылдан бері танимын. Массаж жасауға барғанда қорықпас үшін құрбымды ертіп алып жүремін. Үйін жинаймыз, киімдерін жуамыз, ақшаны жақсы төлейді. Мынадай жағдай болады деп ойлаған емеспін», — дейді соққыға жығылған қыздардың бірі.

Ол полиция қызметкерлерінің үйіне келіп, анасына болған жағдайды жайып салғанын және «тұрмыстық жанжалдан үлкен айқай жасап жүрген қыздарыңды тыйыңдар» деп ұрысып кеткенін айтты.

Қыздар құқықтарын қорғау үшін істі соңына дейін жеткізетіндерін айтады. Тек құқық қорғау қызметкерлері тергеу жұмыстарын әділ жүргізсе деген тілегі бар. Өз болашағы мен қауіпсіздігін ойлаған қыздар жеке бастарына қатысты ақпаратты құпия қалдыруды сұрады.

«Ертең басқа біреуі келіп бізді өлтіріп кетсе қайтеміз? Сондықтан атымызды айтып, суретке түсуге қорқамыз», — дейді олар.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »