Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде сенбілікке шықпай, терезеден қарап тұрған халық Сапарбаевтан сөз естіді

newstaraz.kz

Бердібек Сапарбаев. Фото: kerek-info.kz

Ақтөбеде сенбілікке шықпаған халық Бердібек Сапарбаевтың ашуын келтірді деп жазады Керек-инфо.

Тал егіліп жатқан ауланың алдын көліктермен бөгеп тастаған тұрғындар облыс әкімінен сөз естіді. Өңір басшысы көліктердің дабылғыштарын іске қосса да, тұрғындар балконнан сығалап тұрып, көлікті жолдан алып тастауға шықпады.

8 қазан күні Нұр Ақтөбе ауданында мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер тал егумен айналысты. Алайда сенбілікке барлық тұрғындар шықпаған.

Оның үстіне тал егілуге тиіс жерлерді бірқатар тұрғындардың көліктері бөгеп тастаған. Мұндай ерсі әрекетке шыдамаған Бердібек Сапарбаев көліктердің дабылғыштарын іске қосып, балконнан қарап тұрған тұрғындарға ұрысты.

Похожие статьи

«Бәріңіз бедірейіп қарап тұрасыздар! Мына ағаштардың барлығын кімге егіп жатыр? Сіздерге егіп жатыр ғой. Жап-жас жігіттер болып ұялмайды», — деп облыс әкімі намысқа тиетін сөздер айтты.

Содан соң Бердібек Сапарбаев қасында болған тілшілерден сенбілікке шықпаған тұрғындар туралы жариялауды сұрады.

«Терезеден бақылап, адамдардың жұмыс істегеніне қарап тұр. Олар сенбілікке шығу керек! Осылар жайлы ертең газет пен теледидарда жариялансын. Қажет болса, нөмірлерін жазып алыңыздар. Адамдар тал егіп жатқанын көріп тұр. Сонда көлікті әрмен қарай қоюға болады ғой», — деді ол.

Айта кетейік, Нұр Ақтөбе ауданында таяуда екі автокөлік тұрағы салынды. Алайда тұрғындар оған баруға ерінетін сияқты. Олар көлікті дәл терезелерінің алдына қоюды әдетке айналдырыпты. Ендігі ретте көлікті тиісті жерге қоймағандар айыппұлмен жазаланады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »