Новости на Newstaraz.

Ақтөбедегі атыс болған ауданда «сақалдылар» «халал» дүкен ашқысы келген

newstaraz.kz
Лариса Драбовская

Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталған «Паллада» қару-жарақ дүкенінің алдында атыстың қалай басталғанын тұрғындар айтып берді деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

«Сол күні аулада 7-8 адамның үлкен қарумен жүгіріп келе жатқанын көрдік. 102 телефонына хабарласып, ала алмадық. Тезірек əрекет етсін деп учаскелік полицияға хабарластық. Ол 102 телефонына хабарласыңдар деп тұтқаны тастай салды. Ешқандай əрекет жасамады. Учаскелік полиция бізге не үшін керек? Осы жағдай болғаннан кейін де ол бізге келген емес»,- дейді оқиғаны көзімен көрген тұрғын Лариса Драбовская.

Тұрғындар қазір қару сақталған дүкеннің үстінде қорқынышпен отырғандарын айтады.

«Біз оттың үстінде отырмыз. Қаншама қару-жарақ, атылғыш заттар сақталған дүкеннің үстінде жүздеген адам тұрып жатыр. Əскерилерді тал түсте қырып салған лаңкестерге қарсы тұра алмағандар біздің қауіпсіздігімізді қалай қорғайын деп отыр? «,- дейді тұрғын.

Похожие статьи

Ақтөбенің қақ ортасындағы қару-жарақ дүкенінде тұрып жатқандар бұл дүкеннің алдап салынғанын айтады.

«Осы «Паллада»салынар кезде бізге шаруашылық дүкені салынатынын айтты. Оның төбесіне «қару-жарақ дүкені» деп ілінгенде бірнеше жерге арыз жаздық. Əкімшілік, жергілікті билік мəн біріп те қараған жоқ», — дейді Лариса Драбовская.

Қара жамылған келіншектерін ерткен сақалдылар сол ауданнан «халал» дүкен де ашқысы келген.

«Паллада» ашылғаннан кейін осы жерде сақалдылар қаптап кетті. Жертөлеге «халал» дүкен ашатындарын айтты. Барлық тұрғындар бірден қарсы шығып, митинг жасадық. Ақыры салғызған жоқпыз», — деген тұрғын өзінің әлі қорқынышпен жүргенін айтты.

NUR.KZ тілшісі осы жайтқа қатысты полицейлердің пікірін сұраған. Алайда, олар қаладағы жағдайға байланысты сұраққа жауап беруден бас тартты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »