Новости на Newstaraz.

Ақтөбедегі теракт кезінде лаңкестердің бірін 20 жастағы сарбаз атып тастаған (фото)

newstaraz.kz

Бақтияр Қайырбеков. Фото: Facebook

5 маусымда Ақтөбедегі Ұлттық ұланның əскери бөлімшесіне лаңкестер шабуыл жасап, қару-жарақ қоймасын тонамақшы болған еді. Алайда лаңкестерге ержүрек батырларымыз дер кезінде тойтарыс берді. Батырлардың қатарында бір лаңкестің көзін жойған Бақтияр Қайырбеков те бар деп хабарлайды Жас Өркен.

Бақтиярдың ерлігі еленіп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев III дəрежелі «Айбын» төсбелгісімен марапаттады.

Похожие статьи

Фото: BNews.kz

«Өзімді батыр санамаймын. Өйткені, менің орнымда кез келген əскер осылай жасар еді. Қаралы күнді ұмыту мүмкін емес. Сол күні күзетте болған едім. Ауысымның бітуіне 20 минут қалған. Бір кезде атылған оқтың дауысы естіле бастады. Əскери жаттығу жүріп жатыр деп ойладым. Бірақ, олай болмай шықты. Қару-жарақ қоймасына шабуыл жасалғанын білдім. Командир лаңкестерге тойтарыс беруге бұйрық берді. Алты лаңкес бізге қарай келеді екен. Біреуіне оқ атып үлгердім. Ал қалғандары қақпадан секіріп, қашып кетті. Біз бейбіт, тату елде өмір сүреміз. Мұндай атыс алаңын шетелдің киносынан көреміз. Қару асынғанда, қорыққаным рас. Көз алдыма ата-анам, кішкентай қарындасым келді. Бірақ, отбасынан да құнды нəрселер болады. Егер лаңкестер қойманы тонап кетсе… Ойлаудың өзі қорқынышты. Қалада қаралы күн жарияланып, байланыс үзілді. Ата-анам оқиғаны жаңалықтардан естіп, қатты уайымдады. Анам амандығымды естіп, көзіне жас алды. Өкініштісі, атыс кезінде қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза тапты», – дейді Бақтияр.

Осы оқиғадан кейін Петропавл қаласындағы əскери институт оқуға шақырыпты. Бүгінде батыр Бақтияр əскери саланы оқып жатыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »