Новости на Newstaraz.

Ақтөбелік 13 жасында президент күзетшілеріне ұстатпай, қалай үй алғанын айтып берді (фото)

newstaraz.kz

Он жыл бұрын ҰҚК-нің, прокуратура, полиция қызметкерлерінің төбесінен жай түсірген оқиға көріністері ақтөбеліктердің әлі есінде.

Барлық қауіпсіздік қызметінің арасынан сытылып шыққан 13 жасар қыз бала тура елбасының қолынан ұстаған болатын.

Ақтөбелік 13 жасында президент күзетшілеріне ұстатпай, қалай үй алғанын айтып берді (фото)

Оқиға 2005 жылдың 6 мамырында болды. Жұмыс сапарымен Ақтөбеге келген елбасын облыстық әкімдік алдында бірнеше мыңдаған халық күтті. Сол кезде халық арасынан жүгіріп шыққан Шолпан есімді қыз бала Назарбаевтың алдына қалай жеткенін арнайы NUR.KZ порталына айтып берді.

«Үйден шығып, анам президенттің алдынан күтіп аламыз дегенде менде қорқыныш болған жоқ. Ал халық жиналған жерге барған кезде полиция қызметкерлері «Мына сызықтан шықсаңдар атамыз!» дегенде қорқып кеттім. «Әрі тұрыңдар, қозғалсаңдар атамыз!» деген сайын қорқам, бірақ анамның «Ешкім тимейді, тек жүгіріп барып хатты беріп үлгер» деген сөзі құлағымда айқайлап тұрды. Анам «Қорықпа, қасыңда мен бармын» деп сабырға шақырды», — дейді Шолпан Бимырзаева.

Сол кезде 13 жаста болған Шолпан қазір 23 жаста. Ол өмірінде болған бұл оқиғаны ұмытылмас тарихи жағдайға теңейді. Президент көліктен түскеннен кейін үш қадам бастырмай қасына жетіп барған.

Ақтөбелік 13 жасында президент күзетшілеріне ұстатпай, қалай үй алғанын айтып берді (фото)

«Облыстық әкімдік алдында күндізгі сағат 13:00-ден кешкі 17:00-ге дейін бір орында қозғалмай тұрдық. Бір кезде ол кісі келді. Машинадан түскеннен кейін үш қадам жасаған болу керек анам «Жүгір!» деп итеріп жіберді. Қалай жүгіріп барғаным есімде жоқ. Адамдарды қоршап тұрған полиция қызметкерлері менің жүгіргенімді көрген жоқ. Ал президенттің өз күзетшілері мені ұстап үлгере алмай қалды. Мені елбасымыздың өзі ұстады, екпінімді қолымен тоқтатты. Күзетшілер мен елбасының алдында тұрған кезде ғана естерін жиды, бірақ ол кезде олар үшін бәрі кеш болатын. Менің қолым да, хатым да Нұрсұлтан ағаның алақанында тұрды. Президентіміз қолына хатты алып «Письмо от кого?» деді. «Көп балалы ана Ұлдәмет Алпысбаева сізден үй сұрайды» деп анам үйреткен, жаттап алған сөзімді айттым. Ол кісі менің маңдайымнан сыйпап, арқамнан қақты да «Орындалады!»  деді. Содан кейін мен орныма барғаннан кейін ғана есімді жидым», — дейді Шолпан Бимырзаева.

Ақтөбелік 13 жасында президент күзетшілеріне ұстатпай, қалай үй алғанын айтып берді (фото)

Жүгіре шапқан кішкентай қызды қалт жіберіп алған қауіпсіздікті сақтау қызметкерлері ол орнына оралған кезде ғана естерін жиып, тергеуге алған.

«Мен анамның қасына келген кезде барлық полиция, прокуратура қызметкерлері бізді қоршап алды. «Кімсіңдер, не жасадыңдар, не бердіңдер, ішінде жарылғыш зат бар ма? Не бар?» деп сол жерден анам екеумізді прокуратураға алып кетті. Олардың сұрақтарына мамам жауап беріп отырды. «Не жаздыңыз, ішінде не бар? Сіз Қазақстан елінің азаматысыз ба?» деп сұрап жатты. Кейін біздің тұрып жатқан жерімізге ертіп алып келді. Біз хатты мамыр айының 6–сы күні берсек, бір айдан кейін шілденің 20-на үй алдық», — дейді Шолпан.

Құтты үйде он жыл тұрған Шолпан қазір үш айдан бері Шымкент қаласының келіні болып отырғанын айтты. Ал оның ата-анасы «Назарбаев бізге көмектесу үшін Алланың жіберген себепші адамы» дейді. Адам емдеумен айналысатын ерлі-зайыптыларға аталары хат жазу туралы аян берген.

Ақтөбелік 13 жасында президент күзетшілеріне ұстатпай, қалай үй алғанын айтып берді (фото)

«Ақтөбеге 1996 жылдары көшіп келіп, пәтер жағалап жүрдік. 2001 жылы бір кішкентай жертөле сатып алып, сонда тұрдық. Бір күні бізге аян берді. Жолдасым түс көрді. Мен бір күнде аянмен өлеңдетіп хат жаздым. Күтуге барған бізді қаншама күзет жолатқан жоқ. «Президенттің ақ қағаздай бетін көріп қалғым келеді» деп алдыға қарай тұруға тырыстым. Күзетіп тұрғандар «Бетін не қылайын деп едің» деп ұрсып жатыр. Елбасын күтіп тұрған кезде белгісіз күш қолыммен қызымды итертіп жіберді. Әруақтар «бәрінің көзі байлаулы, қызың аңдулы көздерден тасада болады жібер» деді. Құдіретке ешкім сенбейді. Бірақ бірнеше қатар болып тұрған күзет арасынан қызымның өтіп кеткені, Алланың қалауы еді. Қызымның Назарбаевтың алдында тұрғанын көрген кезде қолымды көтеріп билеп кеттім. Қызым қасыма келген кезде екеумізді машинаға тиеп алды. Прокуратураға апарып, түсініктеме жазғызды», — дейді Шолпанның анасы Ұлдәмет Алпысбаева.

Қыз бен шешесін елбасына берілген хаттан кейін тергеушілер біраз әуреге салған.

«Тергеушілер хатта не жазғаныңды жаз деп дікеңдеді. Мен оны қайдан жазам сол кезде арқамен әруақтардың күшімен жазылған хатты сол күйі жаза алмайтынымды айттым», — деп сөзін қорытындылады Шолпанның анасы.

Похожие статьи
Источник: Nur.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »