Новости на Newstaraz.

Ақтөбелік дәрігер әкімдіктің керексіз жиналыстарында неліктен ұйықтап қалатынын түсіндірді

newstaraz.kz

Қайрат Сабыр. Фото: nur.kz

Қазақстан Республикасының ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қайрат Сабыр NUR.KZ порталына сұқбат берді. Хирург жиналыста не себепті ұйықтап алатынын, шығарған кітаптарын кімге сатқанын және айлық табысының қанша екеніне дейін жасырмай айтты. Танымал дәрігер әлі күнге дейін күрделі оталарға қатысады екен.

«Менің медицина саласында жүргеніме 33 жыл болды. Он жыл облыстық Денсаулық сақтау саласын басқардым. Он жылым бір апта секілді өтіп кетті. 11 жыл облыстық аурухананы басқардым, ол да бір апта секілді өтті. Тәжірибе жетеді. Басшылық қызметте жүрген кезімде де оталарға қатысып жүрдім. Міндетті түрде аптасына бір-екі отаға қатысамын»,- деп бастады әңгімесін ол.

— Облыс әкімі тарапынан дәрі бағасының бақыланбауына байланысты бірнеше рет сынға ұшырадыңыз, жүктелген міндет қиындық тудыра ма?

— Әкім айтпаса кім айтады бізге?! Ол бұл мәселенің бәрін елбасымыз айтқасын көтерді. Президент мемлекеттік реттеуді тапсырды. Кезінде кәсіпкерлікті дамытуда серпіліс болсын деп еркіне жіберілді. Қазір бір мемлекеттік дәріхана жоқ. Барлығы жеке. Біз оларды тексере алмаймыз.

— Журналистер арасында «ұйқышыл дәрігер» ретінде көп талқыға түстіңіз…

— (күліп) Жігіттер де күледі. Әкімдік керек емес жиынға шақыра береді, шақыра береді. Ал мен сандар мен экономиканы жақсы көрмеймін. Ауылшаруашылығын айтып жатады. Мен сол кезде басқа нәрсе ойлаймын. Сосын кішкене көзімді жұмамын. Соны көріп бәрі «сіз ұйықтап қадыңыз» дейді.

— Дәрігерлердің біліктілігін көтеруді де бақылайсыз, дәрігерлердің этикасының төмендігіне байланысты жиі сындар айтылады. Бұл туралы не айта аласыз?

— Біздің жұмысымыздың сексен пайызы медициналық көмек сапасы. Медицинаға қатысты барлық шағымдар бізге келеді. Аурухананың ішінде болған өлімдерді де біз тексереміз. Өткен жылы 82 шығым түсті. Оның он алтысы расталды, қырық екісі ішінара расталған. Қалғандары негізсіз деп танылды. Шағымдардың дені этикаға байланысты. 6 млн. теңгеге ек жүзден аса айыппұл салынды. Төрт жүзден аса маманға жұмыстан шығару, сөгіс жариялау шаралары қолданылды. Мамандардың 99 пайызы жаман емес. Қалған 1 пайызы салаға жағымсыз әсер қалдырады.

4-5 жыл бұрын өрескел қателер жіберілетін, қазір ондайлар жоқ. Қазір дағдарыс, халыққа қиын. Жұмыстан шығару, жалақысын ала алмаудың бәрі уайымға әкеліп күйзеліске түсіреді. Әлеуметтік жағдай адамның денсаулығына қатты әсер етеді. Бұрын қазақтар бір қойдың етін жейтін еді деп жатады. Біз қазіргі жағдайымызды бұрынғымен салыстыра алмаймыз. Бұрын тәуліктеп аттың үстінде жүре берген. Қазір машинаның ішінде де, жұмыста да отырамыз.

Похожие статьи

— Өзіңізді ауқатты адамдардың қатарына қосасыз ба?

Өзімді ауқатты адамдардың қатарына қоса алмайтын шығармын. Өйткені, 210 мың теңге жалақы аламын. Бір жерде отырған ағам не ата-анам осы жұмысқа жіберген жоқ. Өз күшіммен жүрмін. Менің үш ұлым бар. Екеуі жұмыс жасайды. Кішкентайым 10 сыныпта оқиды. Балаларым мені тыңдаған жоқ. Мен олардың да медицина саласына келгенін қаладым. Олар инженерлікті таңдады. Жолдасым ассистент. Әкем де шешем де қарапайым дәрігер болған адамдар. Бастық болған жоқ.

— Табысыңызды қалай жұмсайсыз?

— Жалақым жеткілікті деп ешкім айтпайды. Бірақ, маған жылауға болмайды. Өйткені арасында сыйақы алфп тұрамыз. Табысымды жеткізе алмай, несие алған кездерім болды. Біз де басқалар секілді жалақы беретін күнді күтіп отырамыз. Кезінде 3000 данамен оқулықтар шығардым. Барлығын медунивердегілерге саттым. Миллион ақшадай түсті.

— Сізге әлеуметтік дәріханалар салуға тапсырма берілді. Оған мүмкіндіктер бар ма?

— Мүмкіндік бар. 106 дәрі түрінің бағасын өсірмеуге қатысты үшжақты келісімге қол қойдық. Қымбат баға қойса, дәріханалардың өздеріне де пайда жоқ. Мемлекет тарапынан төрт жүзден астам дәрі тегін беріліп жатыр. Былтыр облыста есепте тұрған 89 мың адамға тегін дәрі берілді.

— Есіңізден кетпейтін оқиға туралы айтып берсеңіз?

— Тоқсаныншы жылдың басы… Ештеңе жоқ. Дәрілер де, ота кезінде тігетін жіптер де жоқ. Сол кездерде төбелес көп болатын. ауруханаға пышақтап, атып кеткендер түседі. Сол кездегі жағдай есімнен кетпейді. Ауруханаға таңертең жетіде кіргеннен ертеңіне сегізде шығамын. Тәулігіне 14-18 ота жасаймыз. Ертеңіне кешке дейін де қалып жұмыс жасайтын едім. Ақша табу үшін айына 10-12 кезекшілік аламын. Кейде демалыс күні де үйде болмайсың. Дәрінің иісі шашың мен денеңе дейін сіңіп қалатын еді. Үйге келгенде балаларым маған жоламай қашады. Сол кездегі уақыттан да өттік. Қиын кездер есімнен әлі күнге дейін кетер емес.

Сондай-ақ, Қайрат Қанатұлы сұхбатында саладағы жаңалықтарымен де бөлісті.

«Біздің департамент жабылады, фармация департаменті болады. Қазір санэпидемстанциялық қызметті бізге беріп жатыр. Наурызда шешім қабылдайды», — дейді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »