Новости на Newstaraz.

Ақтөбелік тұрғын өзінен 19 жас кіші әйелін пышақтап өлтірді

newstaraz.kz

Көрнекі фото: 360tv.ru

Ақтөбеде ер адам қызғаныштан азаматтық некедегі әйелін пышақтап тастады. Мойынынан бес жерден жарақат алған жас келіншек оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды Керек Инфо.

Оқиға 6 ақпан күні Ақтөбеде Некрасов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Іс материалдарына қарағанда, бір күн бұрын 35 жастағы келіншек сотталушымен бірге дәмханаға барады. Ішімдік ішіп, көңіл көтереді.

Тіпті арасында бейтаныс жігіттермен би билеп, оңаша сөйлесуге шығады. Оның бұл әрекеті өзінен 19 жас үлкен азаматтық некедегі күйеуінің қызғанышын тудырады. Сөйтіп, үйге қайтуын бұйырады. Алайда қайтар жолда келіншек өзге көлікке отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалады.

Похожие статьи

Ашуға мінген ер адам жалдамалы пәтеріне келіп, марқұмның анасымен бірге сыра ішеді. Түн ауа үйіне оралған келіншек себепсіз айқай-шу шығарады. Ер адамды аяғымен ұрып, құлағынан тістелейді.

Ақыры ызаға булыққан сотталушы оның мойын тұсына бес рет асхана пышағын сұғып алады. Ірі қан тамырлары жарақаттанған әйел сол жерде қайтыс болған.

Сотта Құдайберген Талжанов өз ісіне өкініп, марқұмның анасынан кешірім сұрады. Қылмыстың кездейсоқ болғанын, қасақана жасамағанын айтып ақталды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г. Әжіғалиева оны кінәлі деп тапты. 54 жастағы ер адам өмірінің 9 жылын енді түрмеде өткізбек.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »