Новости на Newstaraz.

Ақтөбелік теологтар бүлікшілермен осыған дейін бірнеше рет кездескен

newstaraz.kz

Ақтөбедегі «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологтары бүлікшілермен осыған дейін бірнеше рет кездесу өткізгенін жасырған жоқ деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

«Олармен жеке дара сұхбат болды. Сұхбат кезінде олар өздерін байсалды ұстады. Байсалды салафилердің қатарына жатқызамыз. Бірақ уақыт өте келе олардың қандай ұжымға, топқа мүше болғандығын анықтау құзіретті органдардың жұмысына кіреді, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы олармен бірнеше рет кездесу өткізді. Дәртүрлі дін мен жалған діни ағым арасындағы айырмашылықтар және шектен шығушылықтың неге әкеліп соқтыратыны туралы түсіндірілді. Олар ол кезде ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Теологтар тарапынан дәлелді дәйектер айтып түсіндірілді», — дейді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Асылбек Тыныштықов

Теологтар басқа ағым жетегіне кеткендердің адамдарды кәпірге теңеп, қоғамнан оқшауланып кететінін айтады.

Похожие статьи

«Шетелдердегі, Сириядағы орын алған қақтығыстардың дұрыс емес екендігі айтылды. Қарулы джихаттың қате, адамның алдымен өзін тәрбиелеуі, қоғаммен бірлесіп өмір сүру керек екені түсіндіріледі. Олар көбіне қоғамнан оқшауланады, адамдарды кәпірлікпен, күпірлікпен айыптайды. Олар бабаларымыздан мирас болып келген, он екі ғасырдан бері орталық Азияда кең қанат жайған Әбу ханифа мектебін мойындамайды. Түрлі уахабизмдік сарындағы, салафи бағытындағы идеологияны өзара насихаттайды. Әлеуметтік желі арқылы түрлі пәтуаларға арқа сүйейді», — дейді Асылбек Тыныштықов.

Ал Ақтөбеде дәстүрлі дінді мойындамай жүрген 2000-нан астам басқа ағымдағы азаматтардың бар екені осыған дейін айтылып жүр. Өңір абызы Амангелді Айталы санаулы лаңкесті қырып салғанымыз – уақытша саябырсу екенін айтқан болатын.

Қазір Ақтөбедегі мешіттердің айналасы да қоршауға алынып, күзет қойылды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »