Новости на Newstaraz.

Ақтөбенің бас имамы мешітке келген журналистерден қашып, есігін кілттеп алды

newstaraz.kz

Төлкби Оспанов. Фото: tilshi.kz

Ақтөбенің бас имамы мешіт ішінде журналистен қашып, есігін кілттеп алды. Төлеби Оспанов мешіттің басқа қызметкерлерінің де журналистарге ақпарат беруіне тыйым салып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы еліміздегі діни ахуалы күрделі өңірлердің бірі. Бірнеше рет тіркелген теракт оқиғасынан тұрғындар әлі ес жинап үлгерген жоқ. Шолақ балақ сақалдылар мен қара никаб бүркенген келіншектер де көшеден азаймаған.

Саланың солқылдақтығынан өңірде бірнеше рет бас имам ауысты. Мектептегі жағдай да мәз емес. Мектеп директорлары намазхан оқушылары туралы айтқанда жылап жіберуге дайын. Мұғалімдер еркінен тыс орамал таққан оқушыларға араша бола алмай отыр.

Ал, Ақтөбедегі имамдар жұмысы мешіт ішіне есік салумен шектеліп жатыр. Өңірдегі діни ахуалдың қазіргі жағдайын білу үшін облыстың бас имамына хабарластық. Имаммен телефон арқылы сөйлесу мүмкін болған жоқ. «Нұр Ғасыр» облыстық мешітінің әйелдер ұстазы Диляром Бектаевадан мұсылман қыздардың проблемасы мен жасалып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беруін сұрадық.

Похожие статьи

Ұстаз ақпарат беруге дайын екенін айтып, өзі өткізетін әйелдер сабағына шақырды. Тек имамнан рұқсат алуымызды өтінді. Ал бас имам рұқсат бермек түгілі кабинетін құлыптап алып, тіл қатудан бас тартты. Мешіттегі хатшы қыз имамның журналистермен тек баспасөз қызметкері арқылы ғана сөйлесетінін айтты. Ал бас имамға кіріп шыққан баспасөз қызметкері оның журналистермен жүздескісі келмейтінін жеткізді.

«Ол кісі ақпарат берілмейтіндігін айтты. Басқа мамандар тарапынан да ақпарат берілмейді. Маған оның себебін түсіндірген жоқ», — деді бас имамға кіріп шыққан қызметкері.

Өңірдегі діни ахуалды көшедегі сақалдыдан емес, бас имамнан білгіміз келеді деген өтінішіміз жерде қалды. Имам қайта кіріп шыққан баспасөз қызметкеріне ақыл айтып жіберген.

«Мешіттен сіздерге ешқандай ақпарат берілмейді, дін істер басқармасына барыңыз деп имам айтып жатыр. Себебін білмеймін, айта алмаймыз. Ақпарат берілмейді деді ме берілмейді», — деді бас имамның қызметкерлері. Осылай деген қызметкері шыққаннан кейін имам есігін кілттеп алды.

Облыстық мешітке тағайындалған имамдар отыратын кабинеттерін жарақтап әуреленіп жүр. Осыған дейінгі имам хатшысыз жұмыс жасап, бөлек бөлмені жаптырған болатын. Жаңа имам есікті қайта тесіп, салғызып алған. Есіктің кімнің қаржысына алынып, салынып жатқаны белгісіз.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »