Ақтауда жасөспірім қыз 7-қабаттан құлап қайтыс болды
Полициялар телефонды тапқан бойда анасына хабарласқан.
Оқыс оқиға 23 қаңтар күні кешкі уақытта 4-ықшам ауданының №6 үйінде болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, жасөспірім қыз №6 үйдің 7 қабатынан құлаған. Оқыс оқиға туралы хабар жедел жәрдемге сағат 19:40 шамасында келіп түскен. Жасөспірім дәрігерлер келгенше қайтыс болған. Жансақтау бөліміне жатқызудың еш қажеттілігі болмады.
Анықталғандай, жасөспірім төртінші ауданда тұрып жатқан. Белгілі бір себептермен оқыс оқиға болған күні осы аудандағы №6 үйде болған. Оның ұялы телефоны көпқабатты үйдің ішінен табылды. Әзірге не себепті құлағаны белгісіз.
Полициялар телефонды тапқан бойда анасына хабарласқан. Дәл қазір полиция қызметкерлері №6 үйдің тұрғындарынан болған оқиғаға қатысты мәліметтер жинап жатыр.
newstaraz.kz