Новости на Newstaraz.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ұстазы: Ол ақкөңіл, сенгіштігінің кесірінен арандап қалды

newstaraz.kz

Ақжарқын Тұрлыбаева. Фото: vk.com

Қытай соты «есірткі тасымақ болды» деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілген 22 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарап жатыр деп жазады Азаттық.

Қытай соты 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында Малайзияға ұшқалы тұрған жерінде есірткіге қатысты тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Бірақ биыл көктемде Гуандунь қаласындағы апелляциялық сот оның өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы шешім шығарған.

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова қызымен сол кездегі сот отырысында бес минут тілдескенін айтады.

— Ол жағдайына шағымданып жатқан жоқ. Алты ай сайын дәрігерге қаралады екен, күніне үш рет тамақтандырады екен. Бізді сағыныпты, күн сайын түсіне кіреді екенбіз. Жанұямызбен түскен суретімізді бердім. Көзілдірік сұрады, көзі нашарлап кетіпті, — деді Зухра Сейтімова Азаттыққа.

Қызының бала күнінен тілге бейім екенін айтқан анасы «Ол Қытайдағы сотта судьяның сұрақтарына аудармашысыз, өзі еркін жауап берді» деп еске алады.

«АТА-АНАСЫНА САЛМАҚ САЛМАУДЫ ОЙЛАЙТЫН»

Алматыда тұратын Нұрия Сағатова Ақжарқын Тұрлыбаймен 7-сыныптан бірге оқығанын айтады. Нұрия Ақжарқынды «Алматыға келген күннен бастап оқуымен қатар базарда сауда істеген, ата-анасына салмақ салмауды ойлайтын қыз» деп сипаттайды.

— Отбасында үйдің үлкені болды. Өзінен кейін екі інісі мен бір сіңлісі бар. Әкесі бірде жұмыста, бірде жұмыссыз жүретін. Анасы ауруханада істеді. Артында қаражатпен демейтіндей жағдай болмады. Ол Алматыға келгенде басында туыс апайының үйінде тұрды. Сосын таныс қыздармен пәтерге шықты. Оқып жүріп 1-курста саудамен айналысты. Орталық базарда апайының сауда орны бар еді. Сол жерде ұялы телефон сатты, — дейді Нұрия Сағатова.

Похожие статьи

Құрбысының сөзінше, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Малайзияға ұшардан бір ай бұрын достарымен бас қосып, өзінің киім-кешек сатып жүргенін айтқан.

— Менің естуімше, Малайзияға киім-кешек әкелуге кетіп бара жатқан. Алматыдағы жұмыс істеп жүрген жеріндегі адамдар жіберген, — дейді Нұрия Сағатова.

«СЕНГІШТІКТІҢ КЕСІРІНЕН АРАНДАП ҚАЛДЫ»

Ақжарқын Тұрлыбайдың ұстаздарының бірі, ол оқыған сыныпқа жетекші болған Зүлфия Бектебаева да бұрынғы шәкіртін «біреулердің алдауына түсіп қалды» деп біледі.

— Ол ақкөңіл, сенгіш еді. Жұрттың бәрін бауыр тартып, өзіндей көретін. Ешбір адамға жаманшылық ойламайтын. Соның кесірінен осындай іске арандап қалды, — дейді Зүлфия Бектебаева.

Ұстазы Ақжарқын Тұрлыбайды «класта менің оң қолым еді, қандай жұмыс болса да оған сеніп тапсырып кете беретін едім» деп сипаттайды.

— Мектепте жүргенде гуманитарлық пәндерге өте жақсы болды. Сосын математикаға жүйрік еді. ҰБТ-да 100-ден жоғары ұпай жинады. Бірақ таңдаған пәні ағылшын тілі болатын. Ал ол мамандық бойынша грант аз болды. Сол себепті еріксіз ақылы оқу бөліміне құжат тапсырды, — дейді Зүлфия Бектебаева.

Қазір Қытай сотында үш адвокат қорғап жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың жайын жуықта Қазақстанның сол елдегі елшісі Шахрат Нұрышев та айтты. Ол Ақжарқын Тұрлыбайға қайтадан сот үкімі шыққан соң жазасын Қазақстанда өтеу мәселесін көтеруге болатынын сөз еткен.

«Бұған дейін Қазақстанның Қытайда сотталған 12 азаматын елге қайтарып, құқық қорғау органдарына тапсырдық. Қазір тағы 12 азаматымыздың тағдыры бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз» дейді елші.

Шахрат Нұрышевтің сөзінше, қазір Қытай түрмелерінде Ақжарқын Тұрлыбайдан басқа тағы екі қазақстандық азамат сот шешімін күтіп отыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »