Абаев Назарбаевтың мемлекеттік тілге қатысты тапсырмасын түсіндірді
Министрдің сөзінше, Үкіметте орыс тіліне шектеу қойылған жоқ.
ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс» деген тапсырмасын түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz.
Министрдің сөзінше, Үкіметте орыс тіліне шектеу қойылған жоқ.
«Менің түсінуімше, мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент отырыстарында мемлекеттік тілге ауысатынымызды айтқысы келді. Менің ойымша, бұл мәселе мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты. Мемлекет басшысының не айтқаны сөзбе-сөз есімде жоқ, бірақ тәуелсіздік алған 26 жылдың ішінде Үкімет пен Парламент мемлекеттік тілде сөйлеуі керек дегенді білдірді. Менің білуімше, «тек» деген сөз айтылған жоқ. Яғни бұл әрбір ҚР азаматының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне байланысты», – деді Абаев.
Министр егер Үкімет мүшесіне өз ойын орыс тілінде жеткізу ыңғайлы болса, ол орыс тілінде де сөйлей алатынын қоса айтты.
newstaraz.kz