Новости на Newstaraz.

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ БАСТАЛДЫ

newstaraz.kz

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған ресми іс-шаралар басталды. Соның алғашқысы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада өтті. Ақынның мерейтойы қарсаңында қандай дүниелер қолға алынады? Абай елінің азаматтары биылғы жылдан не күтеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне елорданы былай қойғанда еліміздің әр түкпірінен келген қонақтар қатысуда. Абай жерінен астанаға аттанғандардың биылғы жылға артып отырғаны үміттері көп.

Негізін Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов қалап кеткен республикалық «Абай» журналына биыл көңіл бөлінеді. Бірер жыл тынысы тарылып қалған басылымға президент мақаласынан кейін қолдау көрсетілмек екен.

МҰРАТБЕК ОСПАНОВ, «АБАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:
«Журналдың енді-енді құрдымға айналайын деп шағын ғана Семейдің бюджетіне сүйеніп, тек қана полиграфиялық шығынын жауып тұрған журналды мына президентіміздің жылы сөзі, тапсырмасы бізге қайтадан қанат бітіріп, қаламымызды қайрап отырмыз бұйыртса».

Мемлекет басшысы ақынның 175 жылдығын той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін қолға алынып отырғанын ескерткен еді. Сондықтан маңызды шаралардың іске асқаны керек.

ЖАНДОС ӘУБӘКІР, АБАЙДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ, ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«175 жылдықтың аясында Жидебай өңірі абаттандырылып, Абайдың музейі жаңа қалыпқа еніп жататын болса бұл да тойдағы бір жетістік болар еді. Сонымен бірге Абайдың әлемнің 10 тіліне аударылуы өте бір құптарлық дүние».

Ас беріп, ат шаптырып, одан қалды айтыс өткізіп, конференциямен тәмамдай салсақ, қорыта алғанда түпкі мақсаттан ауытқу. Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы үлкен нәрселерге ұмтылу қажет, дейді.

ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМҰЛЫ, АҚЫН:
«Ғылыми конференция дегеніңіз формальді түрде ғана өтетін, кететін шаруа болып қалады. Оданша 2-3 конференция орнына бір ғана конференция, басқа қаражатты осы Абайды танудағы жаңа жұмыстарға, ғалымдардың конкурсына жұмсасақ деген ой бар».

Биыл мерейтойға орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырлатыны белгілі еді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі бағдарлама дайын екенін жеткізді.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«60 іс-шара бар. 24-і халықаралық, 21 республикалық, қалған 515-і облыс деңгейінде істелетін шаруалар. Оның ішінде абаттандыру істері өте көп».

Астана опера театрында өткен салтанатты жиынға Елбасы және Мемлекет басшысы қатысты. Бүгінгі кештің негізгі ұйытқысы, Мәдениет және спорт министрлігі. Көпшілік алдында сөз алған Ақтоты Райымқұлова мерейтойға қатысты президент тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді. Әрі қарай кеш қонақтары ақын шығармашылығымен сусындап, бір жасап қалғандай.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »