Новости на Newstaraz.

Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұстазы ұлықталды

newstaraz.kz

Жетісай және Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшылығы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мұхит Серіковті жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне зор үлес қосқаны және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқаны үшін марапаттады.

 

Айбынды әскеріміздің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі ретінде саналатын алғашқы әскери дайындық пәні – әр оқушының тұлғалық қабілетін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлай алатын, дербес өзіне сенімді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ендеше жоғарыда аталған Мұхит Серіков жас ұрпақты отаншылдық рухтағы адамгершілігі жоғары, тағлымы биік азамат етіп тәрбиелеу үшін тынымсыз еңбек етіп келеді.

Мұхит Серіков 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін жас буынға алғашқы әскери дайындықтан сапалы білім мен патриоттық тәрбие беруде. Мәселен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай өткізілген мұғалімдер арасындағы іс-шарада «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» төсбелгісімен және сол жылы «Жылдың үздік 100 мұғалімі» Республикалық жобасына қатысып «Жылдың үздік мұғалімі» атанған.

— Оқушыға белгілі бір көлемдегі әскери білімді, жауынгерлік даярлық дағдыларын меңгерумен қатар, еліне деген патриоттық сезімін кеңейтіп, оларды ұлттық рухы мықты, елжанды оқушы қылып тәрбиелеу – менің басты мақсатым,- дейді Мұхит Серіков.

Бала – ұлт болашағы. Ұлт болашағын тәрбиелеуде елеулі нәтижеге қол жеткізіп, жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеп жүрген алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазына табыс тілейміз.

Айта кетсек, жылдың үздік әскери дайындық мұғалімі Ж. Нұрлыбаев ауылдық округі Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің ұстазы.

 

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »