Новости на Newstaraz.

«Қалаулымда» табысқан орыс жігіті мен қазақ қызы тойға дайындалып жүр

newstaraz.kz

Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді.

Көпшіліктің қызу талқысына түсетін «Қалаулым» бағдарламасында ерекше жұп пайда болды. Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші телеарнасында шығатын «Қалаулым» бағдарламасының кезекті шағарылымына сілтеме жасаған  NUR.KZ хабарлайды.

Динара бағдарламаға қатысушы ретінде, ал Алексей үміткер ретінде осы жылдың басында көңіл жарастырды.

Алексейдің екі жарым жасар ұлы бар, ажырасқан. Дегенмен, екеуі бір-бірін бес жылға жуық таниды, бірге жұмыс істейді, осы уақыт аралығында жай ғана достар ретінде араласқан. Динара Алексейдің өткен өмірі туралы жақсы білген және оған ешқандай қарсылығы жоқ.

Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. фото NUR.KZ

Алексей «Динара маған келісім берсе, қазақ тілін үйренемін», — деп уәде берді.

Похожие статьи

Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді. Ал Динараның анасының келісімін Алексей тікелей эфир барысында алған болатын.
«Ана ретінде қарсы емеспін, бәлкім бұл қызымның бақыты шығар, мен оған қарсы бола алмаймын», — деді эфирге тікелей хабарласқан анасы.

Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. фото NUR.KZ

Жұп болып жүре бастаған кезде Динара Алексейге жасының келіп қалғанын, бала тууға асығатынын, сонымен қатар үйленуді тездету туралы да айтып өткен.

Алексей «әзірге көреміз», — деп жауап бергенімен, үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, тойға дайындық жүргізіп жатқан көрінеді.

Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. фото NUR.KZ

Жұпқа қатысты бағдарламаға қонаққа келген «Жігіттер» тобының әншісі Ердос «Мұсылман қызды өзге дін өкіліне тұрмысқа беруге болмайды. Ол шариғатта тыйым салынған», — деп пікір білдірген болатын.

Динараның ойынша, адамды дінге, ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Олардың өзара келісімдері бойынша некені екі діннің де салты бойынша емес, заңды түрде ғана қияды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »