Новости на Newstaraz.

Алматыда тұратын қарақалпақтарды полицияға шақыртты. Олардан жауап алуға Өзбекстаннан арнайы топ келген

newstaraz.kz

Алматыда тұратын Қарақалпақстан тумаларын полицияға шақыра бастаған. Бұл туралы 4 шілдеде Қазақстандағы халықаралық адам құқығы бюросы мәлімдеді.

Бюро қызметкері Андрей Гришин Қарақалпақстанда туған бес белсенді Алматыда бюро кеңсесінде баспасөз мәслихатын өткізбек болғанын, олардың бірнешеуін полицияға сұрақ-жауапқа шақырғанын айтады.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ болған белсендінің бірі Рахметулла Азаттыққа полицияға шақыртылғанын растады.

– Бүгін Алматы қаласы полиция департаментінен хабарласты. Ауырып тұрғанымда айттым да қандай заң бұзғанымды сұрадым. Егер келмесем күштеп әкететінін айтты. «Бару-бармауды өзім шешемін» дедім. Олар 26-28 маусымда Қарақалпақстандағы жағдай туралы мәлімдеме жасаған соң маған хабарласа бастады. Мен Конституцияны өзгертпеу туралы халықтың ойын айттым, — дейді ол.

Полиция белсендіге Өзбекстан Конституциясындағы бес бап бойынша шақыртылып жатқанын айтқан, бірақ ресми шақырту жібермеген.

Рахметулла Азаттыққа Ақтауда тұратын қарақалпақстандық белсендіні орган өкілдері үйінен алып кеткенін айтты. Orda.kz сайты Қазақстан күштік құрылымдарымен жұмыс істеу үшін Қарақалпақстаннан Алматыға Өзбекстан ІІМ арнайы тобы келгенін жазды.

Бұған қоса, Өзбекстан ІІМ терроризм және экстремизммен күрес басқармасының басшысы Парохат Айпанов пен подполковник Николай Бабаниязов Алматыда құқық қорғаушылар Тома Юлдашева, Зивяр Мамбетовадан және белсенді Қошқарбай Тұремұратовтан жауап алғаны да хабарланды.

Orda.kz сайтына айтуынша, Тұремұратовты сұрақ-жауапқа Қазақстан ҰҚК қызметкерлері шақырған, ал жауапты өзбек күштік құрылымының өкілдері алған. Сайт жауап бергендердің бәрі Қазақстанда тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары деп жазды.

Ал Рахметулла Өзбекстан азаматы емеспін дейді.

– Негізі азаматтық алу үшін жақын туыстарының бірі Қазақстан азаматы болса жеткілікті еді. Менің әйелім қазақ, немерелерім қазан. Өзбекстан азаматтығынан бас тарттым, бірақ төрт жыл болса да маған Қазақстан азаматтық бермей отыр. Қазір мен азаматтығы жоқ адаммын, — дейді ол.

Қазақстандағы халықаралық адам құқығы бюросының қызметкері Денис Дживага егер Өзбекстаннан арнайы топ келіп, Өзбекстанның азаматы емес адамды тергесе, ол Қазақстанның қорғауында болу керек дейді.

– Ресми түрде ол азаматтығы жоқ адам болса, ол Қазақстанның қорғауында болуы тиіс. Кез келген сұрақ-жауап адвокатсыз жүрмеуі керек. Бірақ алдымен ол адамды күдікті я куәгер ретінде шақырды ма, соны анықтап алу қажет. Бірақ Қарақалпақстанда болған оқиғаға Алматыда отырған адам қалай куәгер болады? Егер оған қандай да бір процессуальды статус берілмесе ол полицияға барудан бас тарта алады, — деді құқық қорғаушы.

1 шілдеде Қарақалпақстанда жұрт Өзбекстан Конституциясындағы өзгерістерге қарсы жаппай наразылыққа шыққан. Ташкент Конституцияны өзгертіп, Қарақалпақстанды «егемен» статусынан және Өзбекстаннан бөліну құқығынан айырмақ болған.

2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Нөкіске барып, Конституциядағы Қарақалпақстанға қатысты баптар өзгермейтінін айтып, Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялады.

Өзбекстан бас прокуратурасы Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде болған наразылықтан 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланды дейді.

Наразылықтар кезінде зардап шеккен 94 адам ауруханада жатыр, арасында ауыр жараланғандар да бар. 149 адам алғашқы көмек алып, үйіне жіберілген. Бұған қоса, полиция 516 адамды ұстағаны да айтылды. Ұсталғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр, кейбіріне әкімшілік жаза беріліп, қамаудан босатылды деді брифингте.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »