Новости на Newstaraz.

Алматы облысында 70 жастағы тоғыз баланың анасы адам сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде (фото)

newstaraz.kz

Тоғыз баланың анасы. 31 арнадан кадр

70 жастағы алтын алқа иегері адам сенгісіз қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Сегіз баласы бар ананың қазір барар жері, басар тауы қалмаған. Жалдап тұрып жатқан үйінің қабырғалары сөгіліп жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Алтын алқа иегері бір күні үйіндінің астында қаламын ба деп үрейленуде. Тоғыз баланың анасы, алтын алқа иегері Шакура апа шыдамының таусылғандығын айтады. Жетпістің жетегінде болсам да, баспана бұйырмай, тозығы жеткен мына үйді паналауға мәжбүр болғаным үшін жүрегім қан жылайды дейді.

Қазір аңыраған үйде амалдың жоқтығынан тұрып жатыр. Өзі 9 баланың анасы. Жалғыз ұлы қайтыс болыпты. Бәлкім ұлы тірі болғанда, мұндай бейнетті көрмес пе едім, деп күрсінеді.

«Қыздарымның да бағы жанбады. Баспанасы жоқ. Бәрі бір-бір бөлмеде арендада отыр. Күйеубалалардың қабақтары ашылмайды. Не істейсің енді. Осы алтын алқаның қадірі болмады», — дейді Талдықорған қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Шакура Далибекова.

Похожие статьи

Әбден күйі кеткен ана жалғыздықтан тамақ та батпайды дейді. Алатын зейнетақсы да өзіне бұйырмай келеді. Кенже қызын несие алып, ұзатқан екен. Енді сол берешегін төлеп жатыр. Ал баспананың ауылы әлі де алыс.

«Шакура Далибекова 2006 жылдан бері көпбалалы ана ретінде баспана кезегінде тұр. Оның қазіргі кезегі 141 болып тұр. Үйлердің салынуына байланысты келесі жылы алады. Екі жылда алады деп айта алмаймын», — дейді Талдықорған қалалық ТҮКШ тұрғын-үй секторының меңгерушісі Олжас Аллаберген.

Шакура әже 2006 жылы 200-ші болып көпбалалы ана ретінде баспана кезегіне тұрған. Демек, он жылда оның алдындағы 59 адам баспаналы болыпты. Қарт әжей баспана кезегім алдыға емес, керсінше артқа жылжып жатқан сияқты деп қынжылады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »