Алматы облысында қарақұйрық сойып жатқан шетелдік ұсталды
Тергеу барысында ұсталған азаматқа бұлтартпау шарасы қолданылды.
Алматы облысында қызыл кітапқа енген қарақұйрықты сойып жатқан шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күдіктінің айтуынша, екі өлі қарақұйрықты 100 АҚШ долларына Кіші Дихан ауылы маңында белгісіз біреулерден сатып алған. Кейін иорданиялықты жергілікті аңшылық шаруашылық өкілдері қолға түсірген. Қазіргі таңда түз тағыларының өлекселері арнайы тексеруге жөнелтілді.
Анықталғандай, Алматы қаласында уақытша тұрып жатқан күдікті Ұйғыр ауданындағы досына қонаққа барған.