Новости на Newstaraz.

Алматы облысында қарақұйрық сойып жатқан шетелдік ұсталды

newstaraz.kz

Тергеу барысында ұсталған азаматқа бұлтартпау шарасы қолданылды.

Алматы облысында қызыл кітапқа енген қарақұйрықты сойып жатқан шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тексеру барысында оның 44 жастағы Иордания елінің азаматы екені анықталды. Ұйғыр ауданы аумағында ұсталған азамат ҚР ҚК 339 бабы, яғни құрып кету қаупі бар, сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстау, сақтау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.
Күдіктінің айтуынша, екі өлі қарақұйрықты 100 АҚШ долларына Кіші Дихан ауылы маңында белгісіз біреулерден сатып алған. Кейін иорданиялықты жергілікті аңшылық шаруашылық өкілдері қолға түсірген. Қазіргі таңда түз тағыларының өлекселері арнайы тексеруге жөнелтілді.
Тергеу барысында ұсталған азаматқа бұлтартпау шарасы қолданылды.
Анықталғандай, Алматы қаласында уақытша тұрып жатқан күдікті Ұйғыр ауданындағы досына қонаққа барған.
Алматы облыстық ІІД мәліметінше, ҚР ҚК 339 бабында әрбір қызыл кітапқа енген жануар үшін 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе сол көлемде еңбекпен түзету жұмыстары, сондай-ақ үш жылға дейін бас бостандығын шектеу мен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Фото: inform.kz
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »