Новости на Newstaraz.

Алматы облысында екі баланың жоғалған анасы табылды

0 11

Үйінен күйеуімен ренжісіп қалған соң кетіп қалған.

Алматы облысының полицейлері екі баланың із-түзсіз жоғалған анасын тапты. Олар Анастасия Букованы 17 күн іздеді, деп хабарлайды  Вaq.kz  өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған ана осы уақытқа дейін Талғардағы танысының үйінде болыпты.

«Талғар ауданының полицейлері жоғалған азаматтың қайда екенін анықтады. Кеше ол туыстарымен жолықты. Әйелдің айтуынша, осы кезге дейін ол Талғардағы танысының үйінде болған. Үйінен күйеуімен ренжісіп қалған соң кетіп қалған», — деді полиция өкілдері.
Еске сала кетсек, Алматы облысының тұрғыны 19 қаңтарда ауруханаға кетіп, үйіне қайтып оралмағанын хабарлаған болатынбыз. Екі баланың анасы бір рет қоңырау шалып, жұмыс тапқанын айтқан, бірақ қайда екенін жасырып қалған.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.