Новости на Newstaraz.

Алматы облысының тұрғыны хиджаб киюден бас тартқан әйелін жауыздықпен өлтірді (фото)

newstaraz.kz

Алматы облысының Дәулет ауылында 33 жастағы күдікті ажырасқан әйелін бірнеше жерінен пышақтап, жауыздықпен өлтіріп тастаған. Одан қалды, марқұмның ата-анасына қоқан-лоққы көрсетіп, оларды да сеспей қатыруға уәде етіпті.

Скриншот Алматы арнасынан алынды

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қара жамылған отбасы енді бұрынғы күйеу балалары Бақтыбай Болатбаевтың құқайынан қорқып отыр. Ал Талғар ауданының полицейлері қылмыс жасаған адамды 2 күн өтсе де, әлі таппай жатыр. Олар бастарына қатер төнген отбасын қорғауға алдық дейді.

Қайғыдан құса болған ана көздің қарашығындай қорғап, мәпелеп өсірген қызының бұл өмірде жоқ екеніне әлі де сенер емес. Тірісінде жаны барға жат пиғыл танытпаған Арайлым өткен жексенбіде өмірден өткен. Марқұмды некедегі күйеуі бірнеше жерінен пышақтап, аяусыздықпен өлтіріп тастапты. Сондағысы — қос баласын бауырына басқан әйел намаз оқып, хиджап киюден бас тартқан.

«Хиджап кигізіп қоямын дейтін. Сені құрбандыққа шаламын деп қорқытқан. Арманына жетті. Тал түсте, әкесі мен шешесінің көзінше пышақтап, өлтіріп кетті. Шамамыз келмей қалды», — деді марқұмның анасы Әлима Ахметова.

Скриншот Алматы арнасынан алынды

Ерлі-зайыпты осыдан 6 жыл бұрын отау құрған. Бір ұл мен бір қыздары бар. Бастапқыда Шиеліде тұрыпты. Кейін, қайын жұртымен осы Дәулет ауылына көшіп келген. Үйлерін биыл салып бітірген.

Похожие статьи

Марқұмның туыстары күдікті Бақтыбай Болатбаевтың ара-тұра намаз оқып, жақындарын Алла жолына түсуге үндеп жүргенін айтады. Кейін келе, Сириядағы радикалды топтардың ғаламтордағы видеосын көруге әуестенген. Тіпті, атыс аймағына барып, «жиһад» жолына түсемін дейтін кездері де болған.

«Қызым қашқан ғой, анау артынан барып ұстап алған. Сыртта пышақтапты. Сөйтіп қызыма қарай жүгірдім. Барсам, екі жерінен пышақ ұрыпты. Артынан қуа алмадық. Бірден жедел жәрдем шақырдық. ГРЕС-тің ауруханасына апардық. Бірақ жаны шығып кеткен», — деді марқұмның әкесі Әділхан Дүйсеков.

Қанды қырғын осыдан 3 күн бұрын болды. Әйелімен ажырасқанына 2 ай болған Бақтыбай Болатбаев түскі 2-лер шамасында Дәулет ауылындағы бұрынғы тұрған үйіне келіп, қайын атасына пышақ ала жүгірген. Қарсылық танытқан ақсақалдың бетін жырып, көзіне газ балонын шашыпты. Ізінше, әйеліне қарай жөнелген.

Скриншот Алматы арнасынан алынды

Қандықол қылмысқа бармас бұрын, өз жоспарын тиянақты жүйелеген. Үй құрылысы кезінде тастарды тап терезенің түбіне үйіпті. Марқұмға пышақ ала жүгірген кезде, әуелі осы тастарға шығып, ізінше терезені шаққан күйі ішке еніп кеткен. Марқұмның туыстары барлығы әп-сәтте болды, сондықтан түкті де түсініп үлгермедік дейді.

Ерлі-зайыптылар арасында осыған дейін де түрлі кикілжіңдер болған. Марқұмның туыстары 6 жыл бойы күйеуі Арайлымға күн көрсетпеді деп отыр. Көкала қойдай қылып сабап, тепкінің астына алады екен. Тіпті, құрбандыққа шаламын деп сес көрсеткен. Жәбір көрген әйел полицейлерге арыз түсіріп, талай рет шағымданған да. Бірақ, қандықолды сол күйі қамата алмапты.

Күдіктіні қазір Талғар ауданының полицейлері іздестіріп жатыр. Алайда 2 күн болды, әлі таппады. Ал, қара жамылған отбасы қандықол қайта келіп, бізді қырып тастай ма деп қорқады. Сол үшін тәртіп сақшыларынан араша сұраған. Бірақ маңайдан отбасын қорғап жүрген бірде-бір полицейді көрмедік.

Қанды оқиғадан құлақдар болған дінтанушылар жағаларын ұстап отыр. Олар адам өлтірген күдіктінің әрекеті исламдыққа мүлде жат дейді. Шамасы, некедегі әйелін өз қолымен өлтірген ол жат ағымның жетегінде кеткен.

«Марқұмның артында 2 баласы қалды. Ұлы 5 жаста, ал, кенже қызы 3-те. Олар енді нағашы ата-апасының қолында болады. Бір анығы — күдіктіге қатысты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған», — деді «Шаңырақ» оңалту, кеңес беру және алдын алу орталығының директоры Мирхат Мадияров.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »