Новости на Newstaraz.

«Алматы Тауэрстегі» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды (фото)

newstaraz.kz

Өртенген студенттердің жақындары. КТК арнасынан кадр

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығындағы өрттен қаза тапқан 5 адамның студенттер екені анықталды. Олар оқыс оқиға болған кезде ғимараттан қашып шыға алмай қалған. Өйткені сыртынан құлыптап кетіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Алапат өртте тірідей жанып кеткен студенттердің төртеуі – Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Тағы бірі Алматы облысынан. Айта кетейік, жексенбі күні кешке болған өрттен 54 жастағы дәнекерлеуші де қаза тапқан.

Алапат өрт өмірін жалмаған студенттердің денесі Алматыдағы сот-медициналық сараптамасы орталығынан шығарылып, туған жерлеріне жіберілді. Олардың ата-аналары мен туыстары түннен бері көз ілмей осында жүр. Ал марқұмдар білім алған оқу орындарында студенттердің суреттері қойылған.

Қыршын кеткен Еламан Айдаралиев пен Нұрлыбек Сартаев – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің 3-курс студенттері екен. Туыстарының айтуынша, олар жұмыс істеп жатқан бөлме сыртынан құлыпталып, балалар қамалып қалған.

«Қараусыз қалған ғой. Есікті жапқан. Оттың ортасында қалған. Шығатын жер жоқ. Күйіп өлген, жанып өлген», — дейді Айдаралиевтің нағашысы Санат Малдыбеков.

Азапты өліммен көз жұмған бесеуінің бірі – Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курс студенті Исмайлжон Исраилов. Жиырмадан енді асқанбозбала тіс дәрігері болуды армандаған екен.

Похожие статьи

Есралы Исраилов

Өткен жексенбіде ол «Алматы Тауэрс» ғимаратындағы қабырғаға пластик материалдар қағып беріп, ақша табу үшін барған екен. Әкесінің айтуынша, жұмыс берушілер кінәні балалардың өздеріне жаппақшы.

«Кері қарай заттарын алып кету үшін барған дейді. Өз өмірі үшін қорыққан адам алтын берсе де ондай жерге қайтып бармайды ғой. Олар қашып шыққысы келген. Бірақ есік жабық болған. Оларды ешкім бақыламаған», — дейді Исраиловтың әкесі Есралы Исраилов.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2 және 4-курс студенттері Екубжон Тохтамышов пен Абылай Зұлпыбеков те сол қыршын қиылғандардың қатарында. Барлық жоғары оқу орындары марқұм студенттерге құрмет білдіріп, универститет қабырғасында қаралы хабарды жариялап қойған.

Сондай-ақ, студенттік ұйымдар да олардың туыстарына қолдан келгенше көмектерін беріп жатыр. Тек жанға бататыны, балаларды жалдаған компания басшылары көңіл айтудың орнына қоқан-лоққы көрсетіп жүр екен.

«Компанияның басшыларынан бір адам келмеді. Көңіл айтудың орнына дікеңдеп жүр. Сұрауы жоқ адамдар емес», — дейді Айдаралиевтің нағашысы Санат Малдыбеков.

Қаза тапқан студенттер 20-22 жас аралығында екен. Барлығын да ұстаздары тек жақсы қырынан сипаттап берді. Ал өрттің өзі неден тұтанғаны әлі анықталған жоқ. Айта кетейік, осы өрт салдарынан 54 жастағы дәнекерлеуші де қаза тапқан еді. Сөйтіп, Алматының қақ ортасында жексенбі күні болған өрт 6 адамның өмірін жалмады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »