Новости на Newstaraz.

Алматыда алаяқ келіншек жалған құжатпен 5 млн теңгеге несие рәсімдеген

newstaraz.kz

Алаяқ адамның сеніміне бірден кіріп, 2 сағаттың ішінде өзі туралы жақсы пікір қалыптастырып үлгеріпті.

Похожие статьи

Алматыда айласына құрық бойламайтын келіншек өзгенің атынан үлкен соммаға несие рәсімдеп жүр. Тіпті жұмыс берушілерді де сан соқтырып кеткен көрінеді. Алаяқ әйел жеке куәлікке өз суретін жабыстырып, бірақ өзгенің атынан жалған құжат жасап алыпты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Содан бері айласын оңай асырып, қолы жеткендерді тонап келеді. Зардап шеккендердің бірі үшін ол Нәсия, енді бірі оны Нұргүл ретінде таниды. Бірақ айлакер келіншек әлі ұсталмады.

Алаяқ келіншек бетін жасыруды сұраған Алматылық Нәсия Талкенованың атынан 5 млн теңгеге несие рәсімдеген. Оны ол тек 12 шілде күні банктен қоңырау түскенде бірақ біліпті. Бастапқыда жағдайды мүлде түсінбеген Нәсия бірден банкке тартқан. Сөйтсе, алаяқ оның атынан жалған жеке куәлік арқылы несие алған. Өз құжаты мен жалғанды салыстырса, нөмірлеріне дейін айна қатесіз бірдей болып шығыпты. Тек айласына құрық бойлатпайтын келіншек жеке куәлікке өз суретін жабыстырған. Онымен қоймай, несиеге қажетті барлық құжаттарды жинап жүріпті.

«Жалған куәліктегі сурет менікі емес. Банкке келгенде алдымен осыны анықтадым. Ол 5 млн теңгені мен қолыма да ұстаған жоқпын. Алаяқ әйел дәл неге мені таңдады десеңіздер, менің ойымша менің несиелік тарихын жақсы болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын үлкен сомада несие алып, оны кешіктірмей төлеп, уақытылы жапқанмын», — деді жәбірленуші Нәсия Талкенова.

Сорақысы сол, алаяқ осы уақытқа дейін жалға құжат арқылы микронесие беретін компаниялардан бірнеше рет қарыз алыпты. Бірақ басым бөлігін аз соммаға алған. Оны бірден жауып отырыпты. Нәсия бұл бір ғана келіншектің қолынан келетін іс емес деп отыр. Өйткені, құжатты дәл бұлай етіп жасап шығару үшін таныстар тапқан деп топшылайды.

«Мен жеке куәліктегі чипті жасаудың мүмкін емес екендігін сұрастырып білдім. Ресми түрде чипті алып шығу қандай жағдай да болмасын оған болмайтын дүние. Сондықтан, менің атымнан несие алған келіншектің зейнетақы қорында, несиелік бюрода немесе жеке куәлікті беретін жерде танысы бар деп ойлаймын», — деді жәбірленуші Нәсия Талкенова.

Ал бұл қонақүйді осыдан бірнеше күн бұрын дәл сол айлакер әйел 2 сағаттың ішінде тонап кеткен. Әкімші болып жұмысқа орналасқан. Бірден 3 теледидар мен төсек жабдықтарын және біраз керекті заттарды алып тайып тұрған. Шамамен шығын 300 мың теңгеден асып жығылады.

«Мен түнгі кезектен шыққам. Бірдан оған бәрін көрсетіп, ненің қайда тұрғанын айтып кеттім. Ол жұмыс істеп бастаған соң, мен үйге қайтып кеттім. Маған 2 сағаттың ішінде бастығымыз хабарласып, оның жұмыста жоқ екендігін жеткізді. Хабарлассам, телефоны өшіп тұрды. Бірнеше бөлмеден теледидарларды шешіп әкеткен. Оны ешкім көрмеген», — деді қонақүй әкімшісі Анна Беседина.

Алаяқ адамның сеніміне бірден кіріп, 2 сағаттың ішінде өзі туралы жақсы пікір қалыптастырып үлгеріпті. Жағдайының жоқ екенін айтып, өзін Нұргүл Омарова деп таныстырған. Айтпақшы, бұл жұмысқа да ол өзінің суреті жабыстырылған жалған куәлікпен келген. Тек осы жолы басқа адамның құжатын ұстап жүрген.

«Өзін бірнеше қонақүйде істеген, тәжірибиесі мол екендігін айтты. Өзі бірден жүрегі кең, мейірімді болып көрінді. Сеніміме бірден кірді деп айта аламын. Сондықтан, ойланбастан алдық. Бірнеше келген қыздың ішінен неге екенін сол қызды өзіміз таңдап алған едік. Ресми түрде жұмысқа қабылдап та үлгермегенбіз», — деді қонақүй директоры Бахтияр Кисембаев.

Аталған қос дерек бойынша арыз тергеушілердің қолына тапсырылған. Бірақ іздеудің қалай жүргізіліп жатқаны белгісіз. Өйткені, жәбірленушілерге ешкім хабарласпапты. Бізде жағдайды білу үшін қалалық Ішкі істер департаментінен мән-жайды сұрадық. Әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Ал айлакердің қолынан зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Жадыра Омаржан, Әрсен Сандыбаев

Фото: today.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »