Новости на Newstaraz.

Алматыда бір топ жігіт алып қашқан 19 жастағы сұлу бойжеткен өлі күйінде табылды (фото)

newstaraz.kz

Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.

Алматыда бір топ жігіт алып қашқан 19 жастағы бойжеткен өлі күйінде табылды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Қайтыс болған Тілеугүл Қуаныш Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің биотехнология факультетінің бірінші курсын тәмәмдаған екен.

Қайғыдан қан жұтып отырған отбасының жақын туысының хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 шілде күні түнде орын алған.

«Тілеугүлді 30 шілде күні достары туған күнге барамыз деп Ұзынағаштағы үйінен әке-шешесінен сұрап әкетті.


Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.

Кешке таман қызымыз анасының ұялы телефонына «мені алып қашып бара жатыр» деген хат жазып үлгерген. Артынша телефоны сөніп қалған. Сол күні барлық таныстарына хабарласқанмен еш нәтиже болмады. Тек 31 шілде таңертен Тілеугүлдің өлі денесін таптық.

Похожие статьи

Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.

Бір топ жігіт қызымызды алып қашып Алматыдағы Алатау ауданындағы көп қабатты үйдің біріне апарған. Сол жерде Тілеугүл келін болуға көнбеген. Куәгерлер қыз 8-қаббатан өзі секіріп кетті дейді. Біз ойлаймыз ол секірген жоқ, көнбеген соң біреулер әдейі итеріп жіберген», — деді қайтыс болған Тілеугүлдің жездесі.

Бойжеткен өлерінің алдында жеңгесіне қоштасу хатын да жазған.


Тілеугүл Қуаныштың соңғы хаты. Фото: NUR.KZ.

Онда Тілеугүл: «Жеңге, ұйықтап қалмадыңыздар ма? Мен былай болады деп ойламадым. Мені кешіріңіздерші. Мамам кешірсін мені!  Жақсы қыз бола алмадым. Өзім білмей қалдым жай кездесіп қайтып келем деп ойладым. Қинап кіргізіп алды мені Азиз деген бала Жаңатұрмыстікі. Мамамдардың бетіне қарай алмаймын. Сендерді жақсы көрем. Кешіріңіздерші! Өзімді жек көрем», — деп жазған.

Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.

Аталған адам өліміне қатысты қылмысты Алатау ауданының ішкі істер басқармасы растағанымен, оқиғаға байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »