Новости на Newstaraz.

Алматыда төрт отбасы өртенген шатырсыз үйдің ішінде өмір сүруге мәжбүр  

newstaraz.kz

Қаланың қақ ортасында орналасқан қауіпті үйде өлместің күйін кешкендеріне осымен төртінші күн.

Похожие статьи
Алматыда төрт отбасы өртенген шатырсыз үйдің ішінде өмір сүріп жатыр. Кез-келген сәтте төбенің құлап түсуі мүмкін екенін білсе де, кішкене балалары бар ата-аналар басқа барар жеріміз жоқ деп отыр. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.
Қаланың қақ ортасында қара күйеге оранған қауіпті үйде өлместің күйін кешкендеріне осымен төртінші күн. Ал, Алмалы ауданының басшылары қандай жәрдем көрсетпек?
Тірлікке тұтынатын тұрмыстық техникаларының несиелік теңгесін төлеп болмай жатып барынан айырылған тек Әбілбектің отбасы ғана емес. Айналымға келмейтін 60 шаршы метр жерде 6 жанұя жан сақтап келген. Өрттен аман қалған адамдар жалын тимеседе, күйе жағылған жарамды дүниелерін жинап жүр.
«30 мың теңгеге болсада пәтер жалдап тұрайық десек табылмай жатыр. 40 мыңға болсада оғанда шықпай жатыр. Әкімшіліктен кешке дейін хабар болады деген еді болмады. Пропискі жоқ болғаннан кейін біреудің үйін істеп бере алмаймыз деген. Егесіне айтсақ мені мазаламаңдар дейді», — деді Әбілбек Нұрпейісов.
Үстеріндегі ескі киімдерден басқа заттарының бәрі түк қалмай жанып кеткен төрт жанұяның осында түнеп жүргендеріне төртінші күн. Өрттен соң екі отбасы көшіп кеткен. Күлімсі иіс, қара күйеге айналған үй қазір қауіпті орынға айналып, ескі баспананың сылағы да сылынып түсіп жатыр. Бірақ қатерлі болғанына қарамастан қаршадай балалар кіріп-шығып жүр.
«Киімдердің бәрі өртеніп кеткен. Баратын не киімдері жоқ. Мектептен киімдер берген. Бірақ ол өлшеп көріп еді келмеді. Сол себептен көршімнің де балалары сабаққа бара алмай жатыр. Кітаптары да өртеніп кеткен сап сары. Барлығы күйік сасиды. Түнде бір бөлмеге жатып едік ұйқтай алмадық», — деді Зарина Алдиярбекова.
Жалдамалы пәтерде жан сақтап отырған жанұялардың барлығы аула сыпырумен айналысып, мардымсыз жалақымен жан сақтап келген. Айналадағы адам төзгісіз ахуалды көрген аудан басшылары құрылыс материалдарын алып береміз деді.
«Шатырына керек материалдарды, шипрды жеткізіп береміз. Жекеменшік үйге өкімет тарапынан ешқандай қаражат қарастырылмаған. Бұл кісілерге үй тұруға жарамды ма, жарамсыз ба? Оның бәрін қорытындысын шығарсын», — деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров.
Санитарлық тазалық сақталмаған, қоқысқа толы тар ауладағы әр жанұядан үйдің қожайыны ай сайын 25-30 мың теңгеден ақы алып отырған. Қожайынды іздегенмен әкімдіктегілерде таба алмады. Ескі үйден еселеп пайда тауып отырған түркиялық бизнесменнің салықтық құжаттары тексеріліп жатыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »