Новости на Newstaraz.

Алматылық марқұм бойжеткеннің есімі биылғы грант иегерлерінің тізімінде жүр (фото)

newstaraz.kz

Азиз Уаитов пен Тілегүл Қуаныш. Фото: NUR.KZ.

8-қабаттан секіріп көз жұмған Тілеугүл Қуаныш 2017 жылғы блім грантының иегері атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісіне марқұмның туыстары айтып берді.

«Тілеугүл Аграрлық университеттің биотехнология факультетінің бірінші курсын ақылы тәмәмдаған еді. Осы қаржы мәселесі жанына батып, қыс бойы дайындалып оқуға қайта тапсырған болатын. Кеше оқу гранттарын қарап отырып, қызымыздың 1309-шы болып Еуразия университетінің биотехнология факультетіне грантқа түскенін көріп анасы егіліп жылады», — деді марқұмның туысы Жұлдыз Бұзауқызы.


Тілеугүл Қуаныштың аты-жөні грант иегерлер тізімінде. Фото: NUR.KZ.

Тілеугүлдің туыстары адвокат жалдап, қылмыскердің әділ жазасын беру үшін күресіп жатқандарын айтты.

Бойжеткен терезеден секіріп кеткен кезде оның өліміне себепкер жігіт жанында болған екен. Тергеушілерге берген жауабында:«ұйықтап жатқанмын, қыздың терезеден секіргенін білген жоқпын. Таңертең есікті көршілер мен полиция қызметкерлері қағып келді. Тілеугүлдің қайтыс болғанын солардан естідім», — деген Азиз Уаитов.

Похожие статьи

Сондай-ақ күдіктінің анасы Тілеугүлдің үйіне екі рет барып кешірім сұраған.


Тілеугүл Қуаныштың өліміне себепкер Азиз Уаитов. Фото: NUR.KZ.

«Тілеугүлді жерлеу кезінде және жетісін таратқанда Азиздың анасы келіп, кешірім сұрады. Қазір біз туралы (Тілеугүлдің туыстары) небір қауесет жүріп жатыр «қызының өлімін сылтау етіп миллондаған ақша сұрапты» деп. Бізге олардан көк тиын ақша қажет емес, қылмыскер әділ жазасын алсын. Қызымыз қыршыннан қиылды, ал ол болса тайраңдап бостандықта жүр. Үйіне іздеп барып, оқиғаны өз аузынан естиік десек, қашып жүр, таба алмадық.


Тілеугүл Қуаныш. Фото: NUR.KZ.

Кешірім де сұрамады. Заңгерлер күдіктіге жоламаңдар «қысым көрсетіп жатыр «деп арыздануы мүмкін деген соң, сараптама нәтижесін күтіп жүрміз. Тілеугүлдің ата-анасы әділдікке жету үшін соңына дейін барады», — дейді марқұмның әпкесі.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »