Новости на Newstaraz.

Амангелді Айталы: Ресей ақша төлеп, Сирияға арнайы адамдарды дайындап жатыр

newstaraz.kz

Қоғам қайраткері ресейліктердің Сириядағы соғысқа аттануын мысалға алып, адамдардың ақша үшін қаза болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Жастар арасында жұмыссыздық бар. Баспанасы, жұмысы болса, бала-шағасы оқып жатса, Сирияға кетудің не қажеті бар? Талдау жасауды қойғанбыз. Аудандағы жағдайды саралау керек», — деп кеңес берді Амангелді Айталы.

Ресейде болып қайтқанын айтқан Айталы ондағы адамдарды Сирияға қалай дайындап жатқанын жеткізді.

Похожие статьи

«Ресей ақша төлеп, Сирияға арнайы адамдарды дайындап жатыр. Олар Башар Асадтың (Сирияның президенті — авт.) жақтаушылары. Көп адамдарды апаруда. Орталығы — Ростов қаласы. Башар Асадтың жағында соғыссаң, қыруар ақша төлейді. Аман қалсаң, олжалы қайтасың. Болмаса, сол жерде қаза табасың. Сүйегін Ростовқа әкеліп, туған-туысқандарына «балаңыздың сүйегін алып кетіңіз» деп хабар береді. Бірен-саран адам олжалы қайтады. Бізден кетіп жатқан адамдар да мұқтаждықтан барып жатқан жоқ па?«,  — деп қоғам қайраткері ой салды.

Сондай-ақ, Амангелді Айталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын сынады. Оның айтуынша, бұл ұйымда пікірталас жоқ.

«Ішінде айтыс болуы керек. Тірі ағза секілді тазаруы қажет. Өзімізді ақиқаттың иесі дейміз, ал олар — адасып жүрген балалар. Онда неліктен олардың адасып жүргенін талдамасқа? «Мемлекет осындай қателіктер жіберіп жатыр» деп ортаға ой салсақ, сол кезде тентек болып жүргендер кішкене жібіп, беті бермен қарар ма еді? Шын мәнінде ойланатын мәселе көп», — деді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »