Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)
Фото Мұхит Сапарбаевтың Instagram желісінен алынды
«Аттан қазақ» деп аса таяғын тастамайтын Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды. Бұл туралы танымал журналист Мұхит Сапарбаев өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол парақшасына Амантай қажының жас бойжеткенмен түскен суретін жүктеп: «Амантай Қажы Асылбек ақыры өзіне тоқал тапты. Атышулы «күрескердің» соңғы махаббаты. Осы сенбіде on.tv арнасындағы жаңа жобадан көріңіздер», — деп жазып қойды.
Оның жаңа жобасы «Главные герои» деп аталады. Бағдарламаның осы сенбіде болатын санында Амантай қажы жас тоқалын елге таныстырып, тоқалы Амантай қажыға деген сезімі туралы айтады.
Фото: stan.кz
Біраз уақыт бұрын Мұхит Сапарбаев өзінің авторлық жобасы «Сұхбат» бағдарламасында Амантай қажыдан сұхбат алған болатын.
Сұхбатында ол Амантай қажыға тоқалға қатысты сұрақ қойған. Қажы сол кезде өзіне қажетті тоқалдың қандай болатынын айтып, оған қойылатын өзіндік қатаң талаптардың да бар екенін ескерткен еді. Оның айтуынша, тоқалдыққа ажырасқан әйелдер жарамайды.
Себебі, оның таңдауы 19-20 жастағы жас, ибалы, инабатты, парасатты, денелі, кең, бес уақыт намаз оқитын қыздарға түседі екен.
Фото: stan.кz
Сонымен бірге, оның тоқалы көп бала тууға қабілетті болуы керек екен. Амантай қажының сөзіне сенсек, оны бай деп ойлап, үйіне дейін іздеп келетін қыздар бар екен.
Бірақ, ол қыздардың қандай екенін бір қарағаннан танитын қажы, оларды маңына да жолатпайтын көрінеді.
Амантай қажы — «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі, «Невада-Семей» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі.
newstaraz.kz