Новости на Newstaraz.

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасына толғанысын жеткізді (фото)

newstaraz.kz

Шетелдіктер асырап алған қазақ балалары өмірге әкелген анасы туралы жан толғанысын жеткізіп, туған анасы туралы не ойлайтынын айтты. Жас режиссер, журналист Қанат Бейсекеев шетелде өскен қазақ балалары туралы «Бала» деп аталатын деректі фильм түсірді. Онда ол діні, тілі, ділі бөлек отбасында өскен қазақ балаларының өмірін баяндайды.

Қанат Бейсекеевтің бұл туындысы күні кеше ғана оның YouTube желісіндегі парақшасында пайда болды.

«Бала» деп аталатын фильмде автор америкалықтар асырап алған бірнеше баламен сөйлесіп, олардың қазақ еліне, туған анасына деген сезімін, көзқарасын зерттеуге тырысқан.

Фильм кейіпкерінің бірі 18 жастағы Райымбек өзінің анасы туралы тебірене айтып берді. Оған асырап алған ата-анасы Ник Мэндин деген есім берген.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

— Мен өзімнің билогиялық анамды білемін. Бірақ есімін білмеймін, мені Семейден асырап алғанынан ғана хабардармын. Осында тұрғаныма он бес жыл болды. Қазақстан туралы білетінім аз. Бірақ күндердің күнінде қайтып келемін деп ойлаймын, анамды да көруім мүмкін. Суретте ол өте жас көрінеді. Негізі, мен оның атын білемін, жай есіме түсіре алмаймын.

Біз бір рет онымен аудармашы арқылы сөйлескенбіз. Қазір олардың жағдайы қандай екенінен хабарсызбын. Олар өздері туралы айтпайды. Мүмкін, қолы бос емес шығар. Бұл жерден олармен байланысқа шығу оңайға түспейді.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

Онымен кездескенде не айтарымды да білмеймін, өзіңді өмірге әкелген жанды алғаш рет көріп, оған не айтуға болатынын елестетіңізші. Қызық көрінетін шығар. Оны жақсы көретінімді айтатын шығармын.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

Онымен сөйлесуге мүмкіндік болады деп ойлаймын. Себебі ол менің анам, ол сүйікті адамым болуға лайықты. Мен сені көргім келеді, қатты құшақтағым келеді. Ұзақ әңгімелескім келеді. Өмірдегі барлық жайт туралы әңгіме-дүкен құрсам деймін, — деді Райымбек.

Ал 20 жасқа келіп, ес тоқтатқан Рүстем болса, өзінің қазақ екенін жақсы түсінеді.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

«Мен өзімді әрі қазақстандық, әрі америкалық деп санаймын. Өзімнің асыранды бала екенімді бұрыннан білдім, бізге оны түсіну қиын. Мен осында өсіп, жетілдім, менің үйім осында. Солай бола тұра, мен — қазақпын. Ол менің халқым, менің тегім. Менің бөлшегім болып қалады«, — деді ол.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

Похожие статьи

Джордан Рүстем Голдман 1998 жылы туған. Оны Американың Сент Луис  қаласына бір айлық кезінде алып келген. Анасы туралы ол жаман айтқысы келмейді.

— Бәлкім, ол жас болған шығар. Бұрын мен оны көргім келеді деп жиі айтатынмын. Мен көп нәрсе білмеймін ғой. Мүмкін тұрмысқа шықпаған болар ол кезде. Түрлі ой келетін. Түрлі нұсқалар жасайтынмын ойдан. «Мен оған керек емес болғанмын», — деп те ойлайтынмын.

«Жақсы көрмейді немесе ешқашан жақсы көрмеген», —  деп  те ойладым. Ондай ойлар көп болды. Бірақ уақыт өтке келе, бұл жай ғана тағдыр екенін түсіндім. Менде оның суреті бар.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

Басында сенбейтінмін, жоқ ол емес дейтінмін. Содан кейін суретке көбірек үңілген сайын, өзімді ол менің анам екеніне сендіре бастадым. Дегенмен ешқандай дәлелім жоқ. Жай ғана оны тауып алғанымды сеземін. Мен оны түсімде көрдім, ол маған: «Рүстем, сен біздің қатарымыздансың, отбасымыздың бір бөлігісің» деп айтты.

Менің асырап алған отбасым оны қолдайды, бұл өте жақсы. Бірақ менің нағыз ата-анам осылар. Олар мені өсірді, маған өмір берді. Туған анам өмірге әкелген де шығар, бірақ мына жақтағы ата-анам да мен үшін көп нарсе жасады.

Мен үшін Көкшетауға барып, мені алып кетті. Елдер менен кәріс немесе жапон емессің бе деп көп сұрайды. Мен: «Жоқ, мен — қазақпын», — деп жауап беремін», — дейді Рүстем.

Ол тіпті өзінің есімінің де мағынасын біліп алыпты.

Ал 13 жастағы Дамир болса балалар үйінде қалған естеліктерін айтты.

«Балалар үйінде балалар көп болатын. Мен онда нан мен көже ішкем. Көжеге нанды батырып жейтінмін. Мен туған анаммен кездескім келеді. Оның есімі — Ақмарал«, — дейді Дамир.

Ал 21 жастағы Серік Қазақстаннан АҚШ-қа келгеніне өкінбейді.

Кадр Қанат Бейсекеевтің документалды фильмінен алынды

— Америка керемет ел, ол адамдарға еркіндік береді. Америка маған Қазақстанда болмаған нәрселерді берді. Үй, жұмыс отбасын берді. Мұнда алғаш келгенде қатты таң қалдым. Мұнда осынша мүмкіндіктердің барына, таңдаудың көптігіне сенбедім, — деген ол қазіргі өміріне риза екенін жеткізді.

Nur.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »