Қырғызстан энергетикасы тұралап қалуы мүмкін

Энергетикасы саласындағы қазіргі жағдай сын көтермейді, деп мәлімдеді Ұлттық энергетика холдингінің басшысы Бакыт Сыдыков.

Оның айтуынша, Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмендігі, электр қуатына сұраныстың артуы, электр қуатын тасымалдайтын құрылғылардың ескіруі осындай жағдайға жеткізді.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін дұрыс қадам жасалмаса, энергетика саласы тұралап қалуы мүмкін. Сол кезде Тоқтағұл ГЭС-інің каскады тоқтап, республикада әлеуметтік-экономикалық дағдарыс басталады», — деді ол. Бакыт Сыдыков «Қырғызстан энергетикасы» дөңгелес үстел отырысында осындай болжам жасады.

Нарын өзенінің суала бастауы энергетика саласындағы жағдайды қиындатты. 2001-2010 жылдары бұл өзенде 14,1 млрд текше метр су болса, 2017-2020 жылдары 12,3 млрд текше метр ғана болған.

Соның салдарынан Тоқтағұл су қоймасы толмай қалды. Оның үстіне қоймадағы электр қуатын өндіретін құрылғылар әбден ескірген.

Бұның алдында Қырғызстанның ұлттық электр желілері холдингі халықты электр қуатын үнемдеуге үндеген.

Биыл сәуір айында президент Садыр Жапаров электр қуатының тарифтерін қайта қарауды ұсынған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий