Бішкекте банк филиалын тонап кетті

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасына 26 қараша күні таңғы тоғыздар шамасында Юнусалиев көшесіндегі банктердің бірінің филиалын белгісіз адамдар тонап кеткені жөнінде ақпарат түскен. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға болған жерге Октябрь аудандық ішкі істер бөлімінің шұғыл тобы барған. Мәлімет бойынша, екі белгісіз адам банк ғимаратына кіріп келіп, күзетшіге күш қолданып, қаражатты алып кеткен. Қазір ұрланған ақшаның жалпы сомасы есептеліп жатыр. Әзірге қандай банктің тоналғанын жөнінде милиция ашық айтпай отыр. Kaktus.media агенттігі «ЭкоИсламикБанк» екенін жазды.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

https://www.centralasian.org/a/30292628.html

Комментарий (0)
Добавить комментарий