15 маусымда Владимир Путин қол қойған жарлыққа сәйкес, Ресейде жүрген шетелдік мигранттарға құжаттарын реттеу үшін берілген уақыт 30 қыркүйекке дейін созылды.
Бұл шешімнің заң бұзғандарға, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргендерге және экстремизм мен терроризмге күдік туғызғандарға қатысы жоқ. Бұл туралы kremlin.ru сайтында жарияланды.
Сәуірдің басында орыс билігі Ресейде 49 мыңға жуық Қазақстан азаматы, 120 мың Әзербайжан, 115 мың Қырғызстан, 247 мың Тәжікстан, 332 мың Өзбекстан және 152 мың Украина азаматы миграция тәртібін сақтамай жүргенін айтқан.
15 маусымнан бастап оларға қатысты тиісті жазалар қолданылатынын ескерткен.