Новости на Newstaraz.

Анасының рухына ас берген Еркін Нұржанов көкпарға «Мерседес» пен «БМВ» тікті

newstaraz.kz

Еркін Нұржанов сол жақта. Фото: zamana.kz

Өткен аптада белгілі эстрада жұлдызы, әнші Еркін Нұржанов өзінің туған жерінде анасының рухына арнап ас беріп, көкпар өткізді деп хабарлайды Замана.

Бүгінде көкпар десе ішкен асын жерге қоятын жандар Еркін берген көкпардың қызығын ауыздарынан тастамай айтып жүр.

Көкпарды ұзын саны 10 мың адам тамашалаған, оған облысымыздың аудандары мен Тараз қаласынан 1 мың ат қатысқан. Көкпарды тамашалаушылар арасында «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев сынды бірқатар азаматтар болған.

Похожие статьи

Актер Нұржан Төлендиев Еркін інісіне: «Көкпар бе­ріп, көптің, палуандардың батасын алсаң жаман болмайсың. Ұлың Қа­йыр осы палуандардай палуан бо­лып өс­сін!» — деп ағалық ақ тілегін жет­кізіпті.

Көкпарға «Мерседес», «БМВ» көліктері мен 2 миллион теңге ақша және түйе бастаған, өгіз бастаған тоғыздар тігілген.

«Мерседес» көлігін Қазығұрт ауданынан барған Ерсайын палуан, «БМВ» көлігін бәйдібектік Хасен палуан иеленіпті. Ал шәуілдірлік Бағлан Байымбетов есімді палуан Әмеш деген ағасының тұлпарымен екінші салымдағы 40 мың теңгені және түркістандық Базарбайдың атымен Төлендиев тіккен түйе бастаған тоғызды қанжығасына байлап, көкпардың жұлдызы атанып қайтыпты.

Өгіз бастаған тоғызды әкесі Оңғарбайдың Хан атты тұлпарымен Алтай палуан иемденген. Салым салған өзге көкпаршылардың әрқайсысы 40 мың теңгені тақымына басып қайтыпты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »