Новости на Newstaraz.

Қанат Ислам төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті

newstaraz.kz

Қанат Ислам төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарын жеңіп алды.

АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің бірінші раундында отандасымыз басымдығын көрсеткен. Алайда Гонсалес қарымта соққы жасай бастады. Тіпті денесіне жасаған соққылары дарып жатты. Бірақ Қанат Ислам сенімді жұдырықтасты.

Ал төртінші раундта Қанат Ислам бірнеше соққысын дарытып, мексикалықты әлсіретіп тастады. Қарсыласы қазақстандықтың үдеткен соққысына әлсіз жауап қана қайтарып жүрді.

Бесінші раундта Гонсалестің қабағы жарылып, жағдайы нашарлап кетті. Ал осыдан кейін қазақстандық боксшы 12 раундттың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, Қанат Ислам 24 жекпе-жекте 24-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Норберто Гонсалес кәсіпқой бокста 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 23 жеңіс бар, оның 13-і уақытынан бұрын аяқталған.

Гонсалес Исламнан төрт жасқа үлкен, ол кәсіпқой боксқа да бес жыл бұрын келген: Қанат Ислам 2012 жылдың қыркүйегінде кәсіпқой боксқа келсе, Гонсалес 2007 жылдан бері жұдырықтасып жүр.

Ал кейін Қанат Ислам қарсыласын неге нокаутқа түсіруге асықпағанын айтып, видео жариялады:

Ал осының алдында қазақстандық тағы бір боксшы Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласы Густаво Гарибайды үшінші раундта екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін нокаутпен жеңген еді. Осылайша қазақстандық боксшы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 13 жеңіс және 2 тең жекпе-жек бар.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »