Новости на Newstaraz.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

newstaraz.kz

Еліміздің ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің кіші мамандарын даярлау оқу-жаттығу орталығында еліміздің тоғыз облысынан шақырылған үш жүзден астам жас сарбаз  Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді.

 

Еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскерге алынған әрбір азаматтың өмірдегі ең маңызды қадамдарының бірі Әскери ант беру. Ол жауынгердің Отанына, халқы мен оның заңды сайланған Президентіне, Үкіметі мен өзінің әскери борышына адалдығы, тұрасындығы серті.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының туын биікке көтеріп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Осы жылдың сәуір айында әскери тәртібі қатаң өмірге кеше ғана қадам басса да, жас жауынгерлер Әскери ант қабылдау салтанатында өздерін сенімді ұстады.

  • Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы! Ер-азамат сарбаз болып сапқа тұрып Отан алдында адал болу үшін ант беру аса маңызды сәт. Барлық ант қабылдаған сарбаздарды антқа адал, сертке берік болып, әскери міндетті мінсіз атқаруына тілектеспін, — деді кіші мамандарды даярлау орталығының бастығы полковник Алтынбек Кенжебаев.

Салтанатты шараға Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің қолбасшының орынбасары полковник Болат Жүнісбеков және Жетіген гарнизонының бастығы гвардия полковнигі Мәди Байсеиітов құрметті қонақ болып шақырылған болатын. Өз кезегінде сөз алған қонақтар, жас сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, Отанды сүю от басынан басталатындығын, берілген антқа адал болу керектігін айтып өтті.

Жас сарбаздар ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша дайындық өтеді. Жарты жылдан кейін олар кіші авиациялық және әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің кіші мамандары ретінде білім алып шығады. Оқу-жаттығу орта­лықтарында даярлықтары аяқталған соң, мерзімді қызметтегі әскери қыз­метшілер кіші маман ретінде Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде әрі қарай қызмет етуге жіберілетін болады.

Ендеше сол оқу-жаттығу орталығынан ел сенімін ақтайтын батыр тұлғалар мен Әуе қорғанысы күштерінің мәртебесін көтеретін мықты мамандар шығарына сенеміз.

 

 

 

Қазағымның түспесін туы мүлде

Биіктерден жазсыншы көрінуге

Осы орайда бүгін шара өтті

78639 әскери бөлімінде

 

Әскерде талай буын бапталуда

Әскери тәртіп, бәріде сақталуда

Көздерінен от ұшқыны байқалып тұр

Отанға адал қызмет атқаруға

 

Әскер жайлы ойлайды көп адамдар

Жігері күшті келеді жарағандар

Адал антын беруге Отанына

Сап түзеді алаңға жас сарбаздар

 

Абырой, міндет жазылған жолдарына

Оларға білінбейді тоңғаны да

Серті мықты қашанда ер жігіттің

Елін қорғар қару ұстап қолдарына

 

78639 әскери бөлімінің сержанты

1-сыныпты сержанты Қанат ШӘРІПОВ

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »