Новости на Newstaraz.

Қарағандылық ана екі жасар ұлын үйінде емдеймін деп өлтіріп ала жаздады

newstaraz.kz

Көрнекі сурет. Фото: vk.com

Қарағандылық ана екі жасар ұлын үй жағдайында емдеймін деп, өлтіріп ала жаздады. Балаға күшті антибиотик егілгеннен кейін жансақтау бөліміне бір-ақ түскен деп хабарлайды 31 арна.

Осыдан төрт күн бұрын клиникалық өлімге түскен бүлдіршіннің жағдайы әлі де мүшкіл. Дәрігерлер сәбиге ЦЕФ 3 антибиотигін егуге рұқсат бермегендерін айтады. Тіпті, сөздерінше ана бүлдіршіннің ауырғанын жасырып қалған екен.

Төрт күн бойы ес — түссіз жатқан бүлдіршіннің оқиғадан бір күн бұрын қызуы көтеріліп, жөтелі қысқан екен.

Тәулік бойы дене қызуын дәрілермен баса алмаған ана ақыры балаға «ЦЕФ 3» дәрісін егуге мәжбүр болған. Дәрігердің нұсқауынсыз берілген антибиотиктің кесірінен бүлдіршіннің аузынан көбік ағып, жүрек қағысы тоқтап қалған.

Похожие статьи

«Негізі анасы антибиотикті тиісті мөлшерде берген. Бала бұған дейін де бұл дәрімен емделген болып шықты. Ағзасы әлсіреп қалған ба, бұл жолы неге осылай болғаны белгісіз. Бүлдіршіннің бір қатар препаратқа аллергиялық әсері болған екен», — дейді Қарағанды облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Нина Деркач.

Сәбиді аман алып қалу үшін дәрігерлер алты минут бойы арпалысты. Дегенмен соның өзінде клиникалық өлімге түскен бүлдіршіннің миында ісік пайда болған. Ауыр халде жатқан екі жасар балаға осыған дейін де екі ауыр ота жасалған екен.

Дәрігерлер антибиотиктерді өз бетінше қолдануға болмайтынын ескертеді. Ал «ЦЕФ 3» дәрісін ауру асқынған кезде, ақ халаттылар белгілеген мөлшерде пайдаланған жөн дейді. Сөздерінше, «ЦЕФ 3» антибиотигін іріңдеу процесі басталғанда «Лидокаин» ерітіндісімен күніне екі рет егу қажет. Бұл препарат балалардың ісіген ми қабыршықтары арқылы енеді.

Дегенмен халық дәріханада сатылатын препараттарға да сенімдерін жоғалтқандарын айтады. Сондықтан антибиотиктерді тек ақхалаттылар кеңес берген дәріханалардан нұсқаулықпен ғана алатын көрінеді.

Дегенмен «ЦЕФ 3» препаратын кез келген дәріхана сөрелерінен көрмейсіз. Антибиотик дәрігердің шипақағазымен ғана берілген соң, оны сөреге шығаруға қатаң тыйым салынған. Ал екі жасар ұлын үй жағдайында емдеймін деп өлтіріп ала жаздаған ананың қауіпті дәріні қайдан алғаны әзірге беймәлім.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »