Новости на Newstaraz.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

newstaraz.kz

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ел есінде?

Аймақтың күнгей және көлеңкелі жерлері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауапты NUR.KZ порталының тілшісі іздеді.

Похожие статьи

Ақтөбе тек адасқан ағым жетегінде жүргендер мен арын сатқан жезөкше қыздардың мекені емес. Көлеңкелі тұс барлық өңірде бар. Ақтөбе — батырлар мекені. Аты аңызға айналған қазақ батырлары Ақтөбе жерінен шыққан. Қазақтың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүк те — осы өңірдің қыздары.

Ақтөбе Қазақстанның батыс өңіріндегі ең көрікті қалалардың бірі, елдің экономикалық орталығы. Жер көлемі 300,6 мың шақырымға созылған аймақ Қазақстан аумағының 11 пайызын алып жатыр. Облыс  12 аудан және 141 ауылдық округке бөлінеді. Онда 8 қала мен 410 ауыл орналасқан.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Сонымен, ақтөбеліктер несімен мақтана алады? Облыстың күнгей тұстары қандай?

Әбілқайыр хан кесенес.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?
«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбеден 600 шақырым жердегі «Хан моласы» қорымында  Әбілқайыр хан кесенесі бой көтерді. Онда үш жүздің бірлігін білдіретін арнайы кешен де бар. Жергілікті билік бұл орынды болашақта туристер әкелетін орынға айналдыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, қаланың бас көшесінде, облыстық әкімшілік ғимаратының алдында да қолбасшыға арналған ескерткіш бар. Бұл жас жұбайлар жиі суретке түсетін қаладағы көрнекті орындардың бірі.

Есет ата кесенесі

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Есет Көкіұлы — қазақтың даңқты батырларының бірі. Ол үш жүздің тұтас мемлекетке бірігуіне үлес қосқан. Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ жерінде Есет батырдың мемориалдық кешені жанында мұражай және зират етушілерге арналған  қонақүй бар.

Қазақтың аты аңызға айналған батыры тыныстап жатқан жерге зират етушілер мен туристер легі толастамайды.

Қобыландыдай батыр баба бар

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Қобыланды батыр — қаһармандықтың символы. Қобда ауданы Жиренқопа жерінде батырдың қалмақтармен соғысқан іздері жатыр. Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауында батырдың бейіті бар. 2007 жылы батырға арналып салынған кесене XXI ғасырдағы биік әрі көрнекті архитектуралық құрылыс болып саналады.

Дулыға тектес кесене биіктігі — 17,5 , ені — 12 метр. Қобыланды батырдың қайрақ тасының ұзындығы — 3 метр, ені — 60см.

Қарғалыдағы сарқырама

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Сарқырама —  Ақтөбедегі ең әдемі орындардың бірі. Оны жергілікті тұрғындар қасқыр сарқырамасы деп те атайды. Аңызда сарқырамаға келген қасқырдың жеті бөлтірігін су шайып кеткен. Қасқыр сол жерге күнде келіп ұлиды екен-мыс…

Сарқыраманың тамаша көркін мамырдан маусым айына дейін көруге болады. Қалған кезде кеуіп қалады. Сарқырама маңындағы Сабыр бұлағының жанына жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелдіктер де барып демалып жүр. Қарғалыдағы жасанды су тоғанынан тұрғындар балық аулауға барады.

Ырғыздың балығы

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?
«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбенің дәмінен Ырғыздың балығын татып көрдіңіз бе? Дәмі тіл үйіретін Ырғыздың балығын енді әлем елдері де қызықтай алады. Өңделіп, экспортқа шыққалы отыр. Сексен көлі бар Ырғыз ауданы қазақстандықтарға балығының дәмімен танымал.

Елбасы атындағы саябақ

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Орталық саябақ Ақтөбедегі көрнекті орындардың бірі. Осыған дейін Абай атымен аталып келген. Кейін жергілікті профессор Закратдин Байдосов Нұрсұлтан Назарбаевқа мәңгілік президент атағын беру туралы ұсыныс жасағаннан кейін қаладағы бас саябақ елбасы атымен аталды.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ол — қаладағы ең көрнекті орындардың бірі, онда биіктігі жүз метрге дейін жететін Қазақстан туы желбіреп тұр.  Жасанды су тоғаны бар.  Келушілердің демалуы үшін барлық жағдай жасалған.

Қазақстан ұшқыштары Ақтөбеде шыңдалады

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында шетелден келген курсанттар да білім алады. Оқу ордасы бес мыңнан аса ұшқышты тәрбиелеген.

Оқу орны жанындағы самсаған ұшақтар — көпшіліктің қызыға көз тігетін орындарының бірі. Институт ұйымдастырған ашық есік күнінде ақтөбеліктер ұшақтарда отырып, ішін аралап, суретке түсу мүмкіндігіне ие бола алады.

Жол үстіндегі шахмат тақтасы

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбедегі ерекше демалыс орындарының бірі — шахмат ойнау алаңы. Арнайы жолға жасалған шахмат тақтасы — күн жылынғанда жастардың көп жиналатын демалыс орны. Ол жерде төбесі күннен қорғалған үстел ойындарын ойнауға арналған орын бар.

Онда қариялар көп жиналады. Қалаға келіп, шүйіркелескен қарттар карт ойнап, әңгімелесіп отырады.

Балалар алаңқайы

Жергілікті биліктің тұрғындардан алғыс еститін жерінің бірі осы. Сазды су қоймасының бойына тұрғызылған балалар алаңқайы 12 мөлтекауданының жанында орналасқан. Ол жерде тәй-тәй басқан кішкентай бүлдіршіндерден бастап, жеткіншектерге арналған спорт алаңқайлары да бар.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ең бастысы —  демалыс орнында барлығы тегін. Баласымен демалуға келген ата-аналарға арналған алаңқай да бар. Көлік дөңгелегінен оқшау орында балалар велосипедпен еркін жүре алады.

Осындай көрнекі жерлері көп Ақтөбенің көлеңкелі тұстары қандай?

Қалдайбек қасіреті

Ақтөбе облысындағы бір ғана Байғанин ауданында 45 жылда 11 ядролық жарылыс жасалған. Сынақ алаңынан 18 шақырым жердегі Қалдайбек ауылының халқы қасірет тартты. Азалы ауылға айналды. Қатерлі ісік, жүйке, тері аурулары асқынды

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Екі басты, бір қолы жоқ, дене мүшелері бірігіп кеткен балалар туылды. Кейін ядросыз ғасырға көшкеннен соң «Қалдайбек қасіреті» ел қасіреті болып, ақтөбеліктердің жадында қалды.

Сақалды құрылыс

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбеде аяқталмай қалған құрылыс көп. Ең ұяты — «ЭКСПО 2017» көрмесінде тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласына үлес қосады деген пилоттық жоба сақалды құрылыс болып, қаңырап тұр. Күн мен желден қуат алып, Ақтөбені жарықпен қамтамасыз етеді деген орталықтың құрылысы 2013 жылы 900 млн теңгеге басталған болатын.

Бітпеген істің былығы көп. Құрылысқа бөлінген қаржы талан-таражға түсіп, жұмыс аяқсыз қалды. Жұмысшылардың жалақысын жеген мердігер компаниямен министрліктің өзі соттасқан болатын. Құрылыс әлі қаңырап тұр.

Сирияны аңсағандар…

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбеде дін туралы айтылған кезде алдымен Шұбаршидегі шайқас тілге тиек болады. Тас түскен жеріне ауыр.  Радикалдардың полициямен атысы елді есеңгіретті.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Бірақ, сол кездегі қақтығыс ақтөбеліктерге сабақ болмай тұр. Отбасын жетектеп, Сирияға баруды аңсайтындар көп. Тоқал алып жарысып, кейін оларды асырай алмай, әйелдерінен қашып, күлкі болып жатқандар да Ақтөбеден шықты.

Оқушы қыздар қара никаб жамылса, бозбала сақалға құмар. Бұл да Ақтөбенің тырнасаң жараға айналар сыздап тұрған дерттерінің бірі.

Жолдар

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Бүгінде Ақтөбенің жолдары «Марсқа» теңеліп жүр. Мұндағы жолдар туралы айтқанда жылап жіберетін жүргізуші көп. Қала сырты түгілі, қала ішіндегі жолдардың өзі келіспеген. Жол үстіндегі ойық-ойық шұңқырлар жергілікті билікті талай жер қылған болатын.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбеде бір жолдың жылда жөнделетіні, қырық рет жамалатыны өтірік емес. Ең сорақысы — өңірге елбасы келген кезде далада жаңбыр жауып тұрса да Ақтөбеде жолдарға асфальт төселеді.

Арақтың «астанасы»

Ақтөбе — арақтың «астанасы», оны ашытатын Қандыағаш қаласы — «сасық қала» деген сөз тіркестері қатарласып жүреді. Рас, Ақтөбеде ащы су өндіретін бір емес, бірнеше өндіріс орны бар. Алланың атын «Алладан басқа жеңуші жоқ» деген сөзді ақтөбелік кәсіпкерлер шишасына жазды.

Жергілікті биші қыздардың да суретін арақтың сыртына жапсырып, масқаралаудан да кәсіпкерлер тартынған жоқ.

Жаманшы

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ырғыз ауданының териториясында 700 мың жыл бұрын метеорит құлағанда пайда болған қазаншұңқыр. Тереңдігі — 700 метр, диаметрі — 5,5 шақырым. Ғалымдардың айтуы бойынша, шұңқырдың жасы — 1 млн жыл. Ресейдің Протон зымыран тасығыштарының қалдығы да осы өңірге құлаған болатын.

Өткен жылы аймақтағы киіктің жаппай қырылуын Протон қалдықтарының түсуімен байланыстырғандар да болды. Ырғыз ауданында тарихи орындар көп. Экотуризмді дамытуға қолайлы аймақ.

«Нұр Ақтөбе» — ұсқынсыз ауыл

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Талай әлеуметтік аз қамтылған отбасы, жас отбасы, бюджеттік қызметкерлерге баспана болған аудан ел ағаларын жерге қаратып тұр. Құрылыс басталған кезде жергілікті геолог бірнеше метр тереңдікке тұз көмілген, ертең құм көшіп, болашақта үйлер апаттық жағдайға ұшырауы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.

Кейін біртектес үйлердің макетін көрген елбасы жобаның қызықсыз, үлкен ауылға ұқсайтынын айтқан. Жөнді жолы жоқ «Нұр Ақтөбе» ауданы бүгінде көктемде көл ортасындағы ауылға, жаңбыр жауса, балшық ортасындағы ауылға айналады.

Ретро дүңгіршек

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ақтөбедегі бас көше Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесі қиылысындағы дүңгіршек. Көзге оғаш көрінеді. Бұл жерде сатылмайтын нәрсе жоқ. Кезінде қаладағы барлық дүңгіршектер алынған кезде осы орын көненің көзіндей болып қалды.

«Арақтың астанасы» аталып кеткен Ақтөбе бүгін несімен ерекшеленеді?

Ащы суды толассыз алатындарды осы дүңгіршек жанынан кездестіруге болады. Аймақтың камера көзіне түскен қысқаша көрінісі осындай.


newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »