Новости на Newstaraz.

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

newstaraz.kz

Ақтөбе қаласына келіп, ем жүргізіп жатқан Аралқұмдағы емші бала тілшілермен тілдесе бермейтінін айтқанымен NUR.KZ порталына сұхбат беруден бас тартқан жоқ. Ол армандарымен бөлісіп, Ақтөбеге курс оқу үшін келгенін айтты деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

«Мен әрі қарай білімімді жетілдіргім келеді. Мектеп бітіргеннен кейін дәрігерлікті оқып, халыққа көмектесу ойымда бар. Терапевт мамандығын иеленгім келеді. Арманым дәрігер болу. Соған жетемін деп ойлаймын. Голландия қаласына барып оқығым келеді. Мен қазір Ақтөбеде тіл үйреніп, үш айлық курс оқып жатырмын. Біздер жақта білім аз. Осы қалада курс оқумен қатар адамдарды да емдеймін», — дейді Ербосын Серікбаев.

13 жастағы емші бала Ақтөбедегі Әз Наурыз көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде халықты қабылдап жатыр. Ем жүргізу уақыты күндізгі сағат 11:00 мезгілінен 15:00 –ге дейін. Тек демалыс күндері ғана екі сағат қабылдайды. Бірақ кезекке тұрушылар таңғы сағат алтыдан жиналады. Бір кіргенде 10-15 адамға қабылдау жүргізіледі. Емші ішке кірген адамдармен амандасқаннан кейін ауруларының себебін сұрайды. Одан кейін басына тақиясын киіп, адамдарға көздерін жұмып отыру керектігін айтады. Сол кезде әр адамға қамшысын тигізіп, құран оқиды. Бары осы ғана. Осы сәтті күту үшін сыртта қаншама адам кезек күтеді. Және осы бес минутқа созылатын кездесуден адамдар өздерінің басқа әсермен шығатындарын айтады.

«Адамдар маған келген соң шын ниетпен келу керек. Барлық ниет, ықыласын емге бөлу қажет. Маған сенбеу керек, бірінші бір Құдайға сену керек. Ауруды беретін де, оны алатын да Алла Тағала. Алланың құдіретіне шек келтірмеуіміз қажет. Мені тек себепші қылып жіберіп тұр. Сондықтан мен халыққа ем жүргізуге, қолымда бар нәрсені беруге тиістімін. Бұл жолды алып жүргеніме үш жыл болды. Ойын баласы болып жүргенде тылсым күшке ие болу оңай нәрсе емес. Жиі түсіме аянмен еніп қинағандықтан, адамдарды емдеуді бастадым. Қаншама адам арбаға мініп келіп, аяқтарынан тұрып кетіп жатыр. Мүгедек арбада қаншама ақылды, бастары қатты жұмыс істейтін адамдар отыр. Өмірдің мәнін білетін сол жастар ертең өскенде Қазақстанның танымал, дамуына үлес қосатын беделді азаматтар болады», — дейді емші.

Сонымен қатар ол өзінің бойында жынның жоқ екенін, емін жалғастыра беретінін де айтты.

«Мен өзімнің бойымдағы құдіретті сөзбен жеткізе алмаймын. Мен өмір бақи адамдарды емдеп өтемін. Менің күшім кетіп қалған екен деген әңгіме рас емес. Мен әлі күнге дейін көз тиген, көзі көрмейтін, басы ауыратын, бүйрегі, бауыры, аяғы ауыратындарға көмек көрсетемін. Қазір көбісі «Ербосынның ішіне жын кіріп кеткен» деп айтып жатыр. Осыны айтушылар тоқтатсын деп қалаймын. Мен Құранмен емдеймін. Ол күш менің бойымнан қашан кетеді, сол кезде ғана ем жүргізуді қоямын. Бірақ, қанша адам жолыма тұра берсін оның жазасын бір Құдай береді. Мен жыласам, көз жасым ешкімді жібермейді. Ақ пен қараны Алланың өзі көріп тұр. Біреуге сен емші емессің деп оның күнәсін арқаламаса екен. Бұл өмір біздің сынағымыз. Шындық өмір алдымызда», — дейді ол.

Емші бес күндік емді бөліп келетіндерге ем қонбайтынын айтты.

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Сондай-ақ ол сақалды ер адамдарға қорқынышпен қарамау керек деген пікірде.

«Қазір көпшілігі жабық киінген адамдарды уахабис деп ойлайды. Сақал қойғанның бәрі де уахабис емес. Әйел адамның әулетті жерлерін жабу керектігі туралы құранда жазылған. Ер адамның сақал қою керектігі де бар. Әйел мен ер адам түнде жатқанда періштелер кіреді екен. Олар ер адамның сақалын сипайды, сақалы жоқ болса «Мына жерде екі әйел адам жатыр» деп кетіп қалады. Сақалы болса періштелер жабысып ойнайды. Біз хиджап кигендерге де қысқа кигендерге де шошынып қараймыз. Біз ислам дінін өз салтымызбен қабылдауымыз керек», — дейді емші.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »