Новости на Newstaraz.

Арменияда журналистке қол көтерген министр қызметінен кетті

newstaraz.kz

Арменияның жоғарғы технологиялық өндіріс министрі Акоп Аршакян Еревандағы кафеде журналисті ұрып, оның компьютерін үстел үстінен лақтырып жіберген оқиғадан кейін 31 наурызда қызметінен кетті. Бұл туралы Азаттықтың армян қызметі хабарлады.

«Армения азаматы ретінде лауазымды тұлғаның басқа біреуге зорлық көрсеткені жат нәрсе. Біз зомбылықсыз қоғам құру бағытында алға жылжуымыз абзал», — деп жазды 35 жастағы министр Facebook парақшасына.

1 сәуірде оның орнына Арменияның Тавушск облысының губернаторы тағайындалды.

Бұл оқиға 19 наурызда Еревандағы кафеде болып, журналист камерасымен тамақтанып жатқан министрге келіп, ол неге жұмыс уақытында бұл жерде отырғанын сұраған. Министр Акоп Аршакян ол үнемі жұмыс үстінде екенін айтқан кезде, журналист мемлекеттік шенеуніктің күн тәртібі бекітілгенін, оның шектелген жұмыс уақыты бар екенін еске салған.

Журналист өз орнына барып отырғаннан кейін министр Акоп Аршакян орнынан тұрып, журналисті ұрып, қолындағы компьютерін диванға лақтырып жіберген. Бұл оқиға әлеуметтік желілер арқылы тарап, министрдің іс-әрекеті сынға алынған.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »