Новости на Newstaraz.

«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында тағы бір жұмысшы опат болды

newstaraz.kz

8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинатының кокс химия өндірісінде бір жұмысшы қаза болды, деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Inbusiness.kz сайтының жазуынша, бірінші кокс цехында 1982 жылы туған Ф. есімді газ маманы тиеу машинасы астына түсіп кетіп, опат болған.

АМТ хабарлауынша, арнайы комиссия құрылған. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» (156-бап 3-бөлік) бабы бойынша тергеу басталған.

«Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жай-жапсары анықталып жатыр» деп жазылған полиция хабарламасында.

Өткен айдың басында Қарағанды облысында Ленин шахтасында метан жарылып, кеншілер қаза болғаннан кейін АМТ компания басшылығының ауысқанын мәлімдеген. Апаттың салдарынан бес шахтер қаза болып, төрт адам жарақаттанған.

23 қарашада үкімет комиссиясы шахтадағы апатқа байланысты тексеру жұмыстары аяқталғанын хабарлаған. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин «еңбек заңнамасы және өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін бұзған» жауапты тұлғалар анықталғанын айтқан. Тергеу материалдары полиция мен прокуратураға жіберіледі.

Билік 26 тұлғаға Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынғанын хабарлаған. Әзірге ешқайсысына айыптар тағылмаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »