Новости на Newstaraz.

Қарттар үйіндегі қарияларды бұдан былай зейнетақасының 70%-ын өкіметке беруге мәжбүрлейді

newstaraz.kz

Ақтаудағы Қарттар үйі тұрғындары жаңа заң бойынша зейнетақыларының 70 пайызы мекеме шотына аударыла бастағанына наразы.

Мекеме басшылығы аударылатын қаржыны әзірше қайда жұмсайтынын білмейді.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Ақтаудағы Қарттар үйі тұрғындары жаңа заң бойынша зейнетақыларының 70 пайызы мекеменің есеп-шотына аударыла бастағанына наразы. Мекеме басшылығы аударылатын қаржыны әзірше қайда жұмсайтынын білмейді.

Маңғыстау облыстық «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің» тұрғындары қолдарына қаңтардан бастап зейнетақыларының 30 пайызы ғана тигеніне наразы. Олар тиесілі ақшаларын ұстамауды талап етіп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағымданды. Интернат директоры қаңтарда әр зейнетақыдан 70 пайыз ұсталған қаржының әлі мекеме шотына түспегенін, бірақ бұл өзгерістің «заң шеңберінде жүріп жатқанын» айтады.

«ДӘРІГЕ АҚША ЖЕТПЕЙДІ»

Ақтаудағы Қарттар үйінің бір тұрғыны Кәрім Иреновтің жасы 80-де. Ол – Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында тылда еңбек еткен ардагер, белгілі болыс Мақаш Бекмұхамедов туралы тарихи монографиялық зерттеу еңбектерінің авторы. Былтырғы жылдан бері отбасының жағдайына байланысты Ақтау қаласындағы облыстық «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде» тұрып жатыр.

Оның Азаттыққа айтуынша, биылғы қаңтардың 5-сінде өздерін «Астанадан, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен келдік» деп таныстырған үш қызметкер жиналыс өткізіп, президент жарлығы бойынша мемлекет қамқорлығындағы зейнеткерлер мен мүгедектердің зейнетақыларының 70 пайызы ұсталатынын мәлімдеген.

— Содан бері түнімен ұйықтай алмаймын. Себебі инсульттан кейін алатын қорап-қорап дәрілеріме ақша жетпейді, — дейді қария.

Иреновтің зейнетақы орталығынан алған табысы туралы анықтамасына сәйкес зейнетақысы 2015 жылғы ақпанда 79 мың 544 теңге болса, қыркүйек айында 75 мың 322 теңгеге түсіп, 2016 жылғы қаңтардан бастап 25 мың 824 теңге (ең аз зейнетақы көлемі – ред.) болып қалған.

— Біз бұны заңсыз деп санаймыз. Себебі үкімет әлеуметтік саланың шығындары сақталатынын айтты емес пе. Сондықтан Қарттар үйіндегі қариялар маған «сен біздің атымыздан жаз» деді. Шағымдарымызды президент Назарбаевқа, Бас прокурор мен Жоғарғы сотқа жолдадық, -деді Кәрім Иренов.

Қарттар үйіндегі кейбір қариялар өздерін мемлекет қамқорлығына тапсыруға мәжбүр болған жұмыссыз балаларына зейнетақыларын бөлісіп көмектесіп тұрғандарын айтады.

— Енді оны тартып алса не болғаны? Бұл туралы жұмыспен қамту басқармасы бастығына айтсам, «біз сіздерге тамақ, киім беріп жатырмыз» дейді, — деді Иренов.

2015 жылдың соңында Қазақстанда зейнетақы мен мүгедектігі бойынша, я асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы туралы заңдарға өзгерістер енгізілген болатын. Ол өзгерістерге мемлекет қамқорлығындағы қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындары да ілігіп, 2016 жылдан бастап оларға әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақының тек 30 пайызы ғана төлене бастады. Қалған 70 пайыз зейнетақы қамқорлық жасаушы мемлекеттік мекеменің есепшотына аударылады деп хабарланды.

«ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУДЫ БІЛМЕЙМІЗ»

Маңғыстау облыстық «Қарттар мен мүгедектер үйі» мемлекеттік мекемесінің директоры Күләш Қалиева қамқорлығындағы мұқтаж адамдар алатын зейнетақының 70 пайызын ұстау биылғы қаңтардың 1-інен басталғанын растады. Оның айтуынша, ұсталған ақша әлі интернаттың шотына түспеген.

— Ол ақша әлі біздің шотымызға түскен жоқ. Шынымды айтсам ол ақшаның қалай жұмсалатыны туралы нақты бекітілген ереже болмағандықтан, оған не істелетінін, қалай пайдалану керек екенін әлі білмейміз, — деді ол Азаттыққа.

Күләш Қалиеваның сөзінше, Ақтаудағы Қарттар үйі облыстық және республикалық бюджеттен тиісті қаржатпен толық қамтамасыз етілген. Мәселен, биыл облыстық бюджеттен Қарттар үйін қамтамасыз ету үшін 141 миллион 497 мың теңге бөлінген.

— Қарттар үйінде тұратындарға барлық жағдай жасалған. Киіммен де, бес уақыт тамақпен де қамтамасыз етілген. Әр адамға 1387 теңге көлемінде тамаққа ақша жұмсалады, -дейді Күләш Қалиева.

Мұндай жағдайда зейнетақының қомақты бөлігін ұстап қалуға деген қажеттілік неден туғанын ешкім анықтап айта алмайды.

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Гүлмира Қалмұратова да «заң қабылданды, бәрі де заңға байланысты» деп қысқа қайырды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова болса ақпанның 18-і күні өткен былтырғы атқарылған істерді қорытындылаған кеңесте биыл «ынтымақты зейнетақыны 9 пайызға арттыру мақсатында және мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемақыны 25 пайызға, шәкіртақыны 25 пайызға ұлғайту үшін республикалық бюджеттен 1 триллион 600 миллион теңге бөлінетінін» мәлімдеді. Бірақ зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар саласындағы былтырғы жылғы өзгерістер туралы мәселе қозғалмады.

1990 жылы салынған Маңғыстау облыстық «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» 158 адамға лайықталған. Мұнда бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар, жасы ұлғайып күтімсіз қалған қарттар тұрақты түрде немесе уақытша тұрады. Интернат оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Ақтаудағы Қарттар үйінде қазір 104 адам тұрып жатыр. Оның 53-і — зейнеткер.

 


 

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »