Новости на Newstaraz.

Арыстағы ерлі-зайыптылар: Шыңғыс хан Назарбаевтан рұқсат күтіп жатыр

newstaraz.kz

Шыңғыс ханның қабірін іздеген ерлі-зайыптылар. Фото: rgmedia.kz

Арыс қаласының аумағында ерлі-зайыптылардың Шыңғыс ханның моласын қазып жатқаны бұған дейін жергілікті, республикалық ақпарат құралдарында айтылған еді. Ел-жұрт арасында түсінбестік тудырған осы тосын жаңалықтың жалғасы шықты деп жазады «Рейтинг» газеті.

Ерлі-зайыпты Сман Өтеген мен Гүлжанар Алтынбекова жуырда «Рейтинг» газетінің редакциясына арнайы келіп, газет арқылы мемлекет басшысына мәлімдеме жасағылары келетінін айтты. Қастарында Шымкент қаласының тұрғыны Әділхан Әтемов қария да бар.

— Біз Шыңғыс ханның моласының есігіне келіп тірелдік. Моланы ашу үшін қаған президенттің рұқсатын сұрап жатыр, — дейді олар.

–Шыңғыс ханның әруағы мені 2014 жылдан бері мазалай бастады, — деді әңгімеге алғашқы болып араласқан Гүлжанар Алтынбекова.

–Бабамыздың өзі аян беріп 2014 жылдың қарашасында жолға шықтық. Қай жерге баратынымызды өзі айтып отырды. Арыс қаласының аумағында Шыңғыс ханның қолбасшысының моласы жатыр екен. Соның басына белгі салып, әруағымен тілдестім. Қолбасшы өзінің атының Арука екендігін айтты. Осы жолы Шыңғыс хан маған «Абыз ана» деген жаңа есім берді.

2015 жылдың ақпанында бабамыз «жолға шығыңдар» деген аян жолдады. Тағы да Арысқа келдік. Қайда баратынымызды өзі көрсетіп отырды. Баратын жерімізге жақындағанға дейін күн ашықта төбемізге бұлт төніп, жауын себелеп тұрды. «Ары қарай жолды ат дүбірімен табасыңдар» деген еді. Айтқаны болды. Діттеген жерімізге жақындағанда мың шақты аттың дүбірі естілді. Сол жерге белгі салып, құран оқып, 2015 жылдың сәуірінен бастап қазба жұмыстарын бастап кеттік, — дейді ол.

-Біз Оңтүстіктің тумасымыз. Он шақты жыл Алматы қаласында тұрдық. Бұл кісінің (Г.Алтынбекованы айтып отыр- ред.) арғы бабалары Манас Шыңғыс ханның заманында өмір сүрген екен. Шыңғыс ханмен таныстырып жүрген сол Манас атасының әруағы ғой, — деді Гүлжанардың жұбайы Сман Өтеген.

–Шыңғыс хан бабамыз алдымен өзінің өмір тарихын, қай жылы жорықтарға шықанын баяндапты. Қазба жұмыстарын өз күшімізбен бастап кеттік. Біраз туыстарымыз көмектесті. Аумағы 4х8 метрлік жерді төрт жарым метр тереңдікке дейін қаздық.

Осы кезде қанды топырақ шықты. Бабамыз «топырақты Алматыға апарып тексертіңдер» деді. Қан тәріздес топырақты белгілі археолог-ғалым Карл Байпақовқа көрсеттік. Ешқандай ғалым айтқандарымызды мойындамаған соң бабаның аянымен қайтадан Арысқа қайттық, — дейді Сман Өтеген.

Арыстан Бабтан арнайы рұқсат сұраған 

Похожие статьи

— Айтқандай, қазу жұмыстарын бастардан бұрын бір мал сойып қан шығарып, Арыстан бабтың, Үкаша атаның және Қожа Ахмет Ясауидің алдынан өтіп, рұқсат сұрадық. Бұл да бабаның аянымен орындалды. Моланың ішкі үйіне түсер кезде «Сарытөбе деген жерді табыңдар» деген аян келді. Оның қай жер екенін бабаның жыланы көрсетіп отырды. Үш шақырымдай жерде тақия сияқты 15 шақты төбе бар екен.

Осы аралықта Арыс қаласының әкімдігі мен прокуратурадан рұқсат сұрадық. Олар бізге рұқсатты қағаз жүзінде емес, ауызша берді. 13 метр тереңдікке жеткенде бабаның үш бұлағы шықты. «Сарбаздарың (бабамыз бізге көмектесіп жүрген жұмысшыларды осылай деп атауды бұйырған болатын) осы бұлақтың суын ішіп, күш-қуат алсын» деді. Енді бабаның есігінің алдына келдік, -деді Сман Өтеген.

Сұхбат берушілердің айтуынша, қазба жұмыстары оңай болмаған сияқты. Қатты жерді 12-13 метр тереңдікке, одан кейін көлденеңінен 40 метрге дейін қазу дегеніңіз қаншама күш-қуат, қажыр-қайратты қажет етеді емес пе?!

Енді отыз сантиметр қалды

— Қазу жұмыстары кезінде аян арқылы көптеген белгілер көрінді. Табанның таңбасы, арабша жазулар, 16 деген белгілер кездесті. Бабаның жыланы да шықты. 1027 деген белгінің құпиясы әлі ашылған жоқ, -дейді Гүлжанар Алтынбекова.

-Осы отыз сантиметрді неге қазбай отырсыздар?

-Себебі ол үшін жоғарыдан рұқсат қажет.

-Рұқсат кімнен керек?

-Шыңғыс хан бабамыз президенттің рұқсатын күтіп отыр. Аянда солай деген. Шыңғыс ханның моласы ашылған соң ешқандай жаманшылық болмайды. Қайта елде сыбайластық пен зинақорлық, алдау-арбау тыйылады.

Осыдан кейін «бала күнімнен көріпкелдігім бар» деген Гүлжанар Шыңғыс ханның моласы ашылған соң оның күмбезін арабтардың тұрғызатынын, басында көпқабатты қонақ үй салынатынын да айтып берді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »