Новости на Newstaraz.

Астана экстремизммен күреске 270 млрд теңге бөлмек

newstaraz.kz

Қазақстанда 2022 жылға дейін діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-шараларға 270 миллиард теңге бөлінбек. Бұл жөнінде 6 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков үкіметте Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстырғанда айтты.

ҰҚК басшысы орынбасарының сөзінше, бағдарламада радикалдық және экстремистік көзқарастарды ұстанатындарға және терроризмге қарсы іс-қимылда төрт міндет іске орындалу көзделген.

Білісбековтің айтуына қарағанда, радикалдық көзқарасты ұстанатындар санын азайту діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру, «Қазақстан қоғамының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпалын төмендету» арқылы азайту жоспарланып отыр.

«Істелініп жатқан жұмыстың тиімділігі нақты көрсеткіштермен өлшенеді. Ол бойынша, радикалдық ықпалға ұшырағандарды азайту көзделген. Радикалдар қатарына халықаралық ұйымдармен байланысы бар, оларға дем берген адамдарды және экстремизм мен терроризм насихатының ықпалымен өз бетінше радикалданған әрі өз проблемасын күшпен шешу идеясын ұстанатындарды қосамыз», — деді Білісбеков.

Оның мәліметінше, 270 миллиард теңге арнайы және құқық қорғау органдарын заманауи техникамен және басқа да жаңа құрылғылармен жасақтауға, қаруландыруға, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және құқық қорғау органдарының кәсіби біліктілігін арттыруға жұмсалмақ.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »